
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
5-мәтін
(1) Бауыржан Момышұлы желтоқсан айының 24 күні туған. Қыстың әбден қаһарына мініп тұрған шағында дүниеге келуі оның мінезіне де қатты ықпал еткен. Жайшылықта сабырлы, ал майданда аса қатал болған деседі. Бала кездегі лақап аты «Шаңтимес» болғанын біреу білсе, біреу білмес.
(2) Алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте сабақ берген. Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та қызмет еткен. Қаржылық сауатты Момышұлы әскери саланы да тастамай қатар алып жүрген.
(3) Соғысқа дейінгі жылдары әскерде өнерімен талайды тәнті еткен. Ат үстінде қылышпен ойын көрсетуде асқан ептілік танытып, Буденныйдың көзіне түскен.
(4) Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизияның құрамында 1941 жылдың қыргүйек айынан бастап қатысты. Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірді.
(5) 1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, т.б. ғалымдар соғыс туралы әңгіме-дәріс өткізуге шақырып, кездесу ұйымдастырады. Осы дәрістің стенограммасы кейін «Соғыс психологиясы» деген атпен кітап болып басылды.
(6) Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барды. Кейін 1963 жылы тағы бірнеше мәрте шақырту алып, арнайы сапармен барып қайтты. Бір айта кетерлігі, Куба елінің саяси күрескері Ф. Кастро өзінің түрмеде жатқан кезінде Момышұлының кітаптарын оқып, көзқарастарының нығаюына осы кітаптардың ықпал еткенін айтады.
(7) Елге оралған соң Қорғаныс комиссариатына (қазіргіше министрлік) басшылықтан ойы болған. Алайда елдегі науқаншылдық оған жол бермеді. Тіпті ректор Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған деседі.
-
Бауыржан алғашқы еңбек жолын қандай қызметтен бастаған?
-
Батыр қай шайқаста 207 рет ұрысқа кірген?
-
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз.
-
Мәтіндегі алтыншы бөлім мазмұнынан Бауыржанның қандай тұлға болғанын байқадыңыз?
-
Мәтін авторы үшінші бөлім мазмұны арқылы батырдың тағы қай қасиетінен хабар бергісі келген?
-
Б. Момышұлының Буденныйдың көзіне түсуіне негіз болған жағдай