Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

3-мәтін

Конспект

(1) Қазақ халқының аспандағы ерекше көзге түсетін жұлдыз шоғырын «үріккен үйірлі жылқыға» ұқсату нәтижесінде «Үркер» атауы шыққан. Қазақтың дәстүрлі Аспан аңыздарында Үркер үйірі туралы әңгіме көп. Ел арасында Үркерді «жұлдыз ағасы» деп есептеген. Үркер аспандағы Күн мен Айдың орбитасына жақын тұрғандықтан, оған қатысты Күн мен Айдың орналасуына қарап қазақ халқы түнгі бағытты, жыл мезгілдерін және ай тоғыстарын анықтап отырған.

(2) Үркер – қазақ ұғымында ежелден келе жатқан астрономиялық атау. Мұның түбір сөзі мен үндестігі ерте заманғы Вавилон өңіріндегі Шумер мәдениеті және Америка құрлығындағы Мая мәдениетіне келеді. Қазақ аңыздарындағы Үркерді қызға ұқсату грек, жапон, үнді мәдениеттеріндегі Үркер туралы аңыздармен астасып жатқаны байқалады. Ежелгі бір аңызда Үркер бес баласы бар жесір әйел деп түсіндіріледі. Оның күйеуін үш мерген атып кетіпті. Енді өзін зорлықпен алмақшы болады. Үркер сол үш мергеннен қашып жүреді делінеді. Тағы бір аңызда Үркердің алты баласы бар екен. Үркердің өзімен жетеу болыпты. Соның бір баласын ағайынды жеті қарақшы ұрлап әкетіпті. Жеті қарақшының үш жұлдызының ортасында тұрған, жұлдыздың бауырында тұрған кішкене жұлдыз сол үркерден ұрлап әкеткен бала екен. Үркердің кейде жетеу болып көрінетіні осы бала шешесіне қашып барып алған кезіне тура келеді екен.

(3) Тағы бір көп таралған қазақ аңызында Үркердің Үлпілдек деген қызы болыпты делінеді. Жетіқарақшы Үркердің Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, оны ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркерліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Аңыз бойынша ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың бастығы, оның жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек. Шындығында да, Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі бір-біріне жақындағанда таң бозара бастайды.

kk.wikipedia.org



Сұрақтар
  1. Мәтінге атау беріңіз

  2. Не себепті халқымыз Үркерге қарап жыл мезгілдерін анықтаған?

  3. Қазақ аңыздарындағы Үркерді қызға ұқсату қай елдің мәдениеттерімен байланысты?

  4. Бес балалы жесір әйел туралы аңыз қай бөлімде айтылған?

  5. Аңыз бойынша Үркердің кейде алтау, кейде жетеу болып көріне себебі

  6. Мәтіннің үшінші бөліміне сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз.

Қате туралы хабарландыру