Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

26-мәтін (2019 жыл)

Конспект

1. «Көптік – құдіреттіліктің бір белгісі» дегенді айтқан қазақ қандай шаруаға болса да, жұмыла қимылдаудың артықшылығын пайымдаған. Сондай істері арқылы бауырмалдығын, ынтымағын, бір-біріне ізет-құрметін танытып отырған. Ел ішіндегі күш-қайраты жоқ, жалғыз ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ қанша қалжыраған халге түссе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным – арымның садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасалса да, ол сол адамның намысына тимеуі керек. Барлық шара сол негізге құрылады. Сондай шараның бір түрі – асар. Жалғыз басты қарт адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желеңдері жабыла қолқабыс беріп, тез тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында шаруасын тындырып алады.

2. Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы-құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын-жұрты мұны қостайды. Сөйтсе де асар салушы жиналған қауымды қанағаттандыратындай дәрежеде дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді. 

3. Асар – қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайынын разы ету үшін қандай қиындық болса да, көптің біріккен күшімен қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара.



Сұрақтар
  1. Мәтінде қозғалатын мәселе

  2. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтіннің 1-бөлімінің мағынасын ашып тұр?

  3. Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар

  4. Асар сөзіне балама бола алатын нұсқа

Қате туралы хабарландыру