
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
21-мәтін (2019 жыл)
1. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің мінез-кұлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі – ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жаксы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке – бәйтерек, бала – жапырақ», «Ата – балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды.
2. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-кұлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.
3. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
4. Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттаумен тығыз байланысты.
-
Бірінші азатжолдағы негізгі ой
-
Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты
-
Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
1. Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағына әсер етеді.
2. Қазақта өрескел мінез-кұлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған.
3. Ұлттық тәрбие – отбасылық құндылықтардың бастауы.
-
Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады?