Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

3-мәтін

Конспект

Қазақстан аумағындағы Әмір Темірдің салдырған ең үздік туындысы – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Ол Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына жағдай жасаған. Ахмет Яссауи тек насихатшы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама, мейірімді, кішіпейіл, ойшыл ақын ретінде түркі жұртына танымал болды. Ахмет Яссауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты – мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.

Темірдің бұл құрылысты салу себебі, 1390-1395 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы – Сарай Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа зор мемориалды ескерткіш орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда мұсылманшыл Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсету үшін де қажет еді. Сонымен қатар, қазіргі күні бұл кесене тек қазақ халқы ғана емес, барша түрік-мұсылман әлемінің мақтанышына айналып отыр. Кесене Ақ Орда мемлекетінің оңтүстік бөлігі мен Сыр бойы қалаларын Темірдің жаулап алуының белгісі ретінде тұрғызылды.

kk.wikipedia.org



Сұрақтар
  1. Мәтін бойынша Әмір Темір Ахмет Яссауи кесенесін салдыруда қандай мақсат көздеген?

  2. Ахмет Яссауи қай ғасырда өмір сүрген?

  3. Сарай-Берке қай мемлекеттің астанасы?

  4. Мәтін бойынша кесененің орнында бұрын не болған?

Қате туралы хабарландыру