Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

32-мәтін (2019 жыл)

Конспект

1.  Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас құлындар қаракұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей қаз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.

2. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шақырып, кейде мал сойып немесе қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарының басын қосып, «бие бау», «желі байлар»,  «қымызмұрындық» тойын өткізеді. Бұл кезде желі казыкқа, айғырдың сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды.



Сұрақтар
  1. Бие байларда қандай ырым жасалады?

  2. Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып

Қате туралы хабарландыру