Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

35-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алады. Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуге баулиды. Ұрпағының дәулетті, бақытты болуын тілейді. Тілек-бата сөздер – халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар – оның рухани өмірінде тұтастығын, бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады. Болашақтың иесі – ұрпағына амандық, парасаттылық, өнер-білім, кұт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу – ежелден азаматтың асыл мұраты болса керек.



Сұрақтар
  1. Тұжырымдардың дұрысы

       1. Бата беруші жас болу керек.

       2. Бата жас буынға беріледі.

       3. Батаның мақсаты – адамгершілікке баулу.

  2. Мәтінге сәйкес мақал-мәтел

Қате туралы хабарландыру