Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

8-мәтін

Конспект

Ашамайға мінгізу – қазақы ғұрыптың бірі. Қазақ ер баланы сүндетке отырғызып, төбесіне айдар қойған, содан кейін алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде өткізілетін шараны «Ашамайға мінгізу» немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін де, ата-анасы мен туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуаныш саналғандықтан ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған.

Жас бала есі кіріп, 4-5 жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту етіледі. Балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, жуас, жүрісі жайлы әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен таңдалады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды. Рәсімге ауыл адамдары жиналып, мінген атының жал-құйрығына, баланың шапанына және бас киіміне үкі тағады. Бұл «үкінің қасиеті жын-шайтаннан қағады» дегенді білдіреді.

anamenbala.kz



Сұрақтар
  1. Бәсіре тай деген

  2. Баланың бас киіміне үкі тағу себебі

Қате туралы хабарландыру