Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

7-мәтін

Конспект

Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құймақұлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда Қорқыт оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді.

Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасаған қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», – деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғанның бәрін жасайды.

el.kz



Сұрақтар
  1. Мәтіннің бірінші сөйлеміндегі «құймақұлақ» тіркесінің мағынасы қандай?

  2. Мәтін бойынша Қорқыттың қобызының шанағы неден жасалған?

Қате туралы хабарландыру