Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

5-мәтін

Конспект

2018 жыл Түркияда қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың жылы болып жарияланды. Биыл көрнекті ақынның туғанына 125 жыл толады. Бұл ретте осы елдің Кастамону қаласында мәдени шара өтті. Оған 10-нан астам мемлекеттен қайраткерлер, ғалымдар, саясаткерлер мен ақын-жазушылар жиналды. Алқалы жиынға Солтүстік Қазақстан облысынан да арнайы делегация барды. Басқосуға қатысушылар ақынның өмір жолын, шығармашылығын ғана айтып қоймай, оның бауырлас халық үшін жасаған жақсылығын да сөз етті. Ұлы тұлғаның 125 жылдығы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бастамасымен Түркия астанасы Анкарада да тойланады. Сонымен қатар, биыл Мағжанның 26 өлеңі түрікшеге тәржімаланып, жеке жинақ болып жарық көрді.

24.kz



Сұрақтар
  1. Берілген мәтін қай стильде жазылған?

  2. Мәтін мазмұны бойынша әйгілі ақынның қай жылы дүниеге келгенін анықтаңыз.

Қате туралы хабарландыру