
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
4-мәтін
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
– Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! – деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
– Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
– Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің, – деді.
– Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым, – деді Ақселеу.
– Ақселеу бала да болса, азамат екен! – деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
-
Мәтін бойынша Ақселеудің иттен қашпау себебі неде?
-
Мәтіннің мағынасына орай мақал-мәтел