Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Теруге берілген есептер



Сұрақтар
  1. Бір жәшікте 6 ақ шар, 4 жасыл шар бар. Осы жәшіктен кездейсоқ үш шар алынады. Шарлардың екеуі ақ, біреуі жасыл болуы ықтималдығын табыңыз.

  2. Кітап сөресінде 26 кітап жинаулы тұр, олардың 17-сі орыс тілінде. Кездейсоқ 3 кітап алатын болсақ, алынған кітаптың орысша болуы ықтималдығын табыңыз.

  3. Кітап сөресінде 4 алгебра және 3 геометрия оқулығы тұр. Оқушы кездейсоқ 2 оқулық алды. Осы оқулықтардың біреуі алгебра, екіншісі геометрия болуы ықтималдығын табыңыз.

  4. Сыныптағы 21 оқушының ішінен 3 кезекшіні қанша тәсілмен таңдауға болатынын табыңыз.

  5. Бәйгеден жылқышы 16 тұлпардың арасынан 8 тұлпарды таңдады. Егер бәйгеге 4 тұлпардың қатысатыны белгілі болса, онда жылқышы тұлпарларды қанша тәсілмен таңдай алатынын тап.

  6. 25 оқушының ішінен екі кезекшіні қанша тәсілмен таңдап алуға болатынын анықтаңыз.

Қате туралы хабарландыру