
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығына берілген есептер
-
5, 6, 7, … 33 сандарынан кез келген бір сан алынды. Осы санның жай сан болуы ықтималдығын табыңыз.
-
Ойын кубигінде “төрттен аспайтын ұпай” оқиғасының ықтималдығын анықтаңыз.
-
Гистограммада қорапта жатқан түрлі түсті қарындаштардың саны көрсетілген. Жасыл түсті қарындашты алу ықтималдығын табыңыз.
-
Кез келген екі таңбалы сан алынды. Алынған санның цифрларының бірдей болуы ықтималдығын табыңыз.
-
Егер А оқиғасының тұрақты ықтималдығы р=0,9, тәуелсіз тәжірибе саны n=6, онда А оқиғасының үш рет түсу ықтималдығын табыңыз.
-
Спортлото ойынында бас жүлдені ұту үшін 48 нөмірден 6 нөмірді дәл болжау керек. 48 нөмірден 5 нөмірін дәл болжау ықтималдығын анықтаңыз.
-
1-ден 100-ге дейін нөмірленген карточкалардың ішінен қарамай бір карточканы алайық. Осы карточканың нөмірі немесе 6-ға немесе 8-ге еселі болу ықтималдығы?
-
Егер А оқиғасының тұрақты ықтималдығы р = 0,8, тәуелсіз тәжірибе саны n = 5, онда А оқиғасының үш рет түсу ықтималдығын табыңыз.
-
1-ден 100-ге дейін нөмірленген таратпа қағаздардың ішінен біреуін алайық. Оның нөмірі 6-ға еселі болу ықтималдығы қандай?
-
Егер А оқиғасының тұрақты ықтималдығы р = 0,8, тәуелсіз тәжірибе саны n = 5 болса, онда А оқиғасының екі рет түсу ықтималдығын табыңыз.
-
Жәшіктегі тоғыз парақшада мынадай цифрлар жазылған: 17; 11; 33; 14; 23; 45; 48; 52 және 87. Жәшіктің ішінен кездейсоқ бір парақшаны алып шыққанда, ондағы цифрлардың қосындысы 3-ке еселі сан болу ықтималдығын табыңыз.
-
Егер А оқиғасының тұрақты ықтималдығы р = 0,8, тәуелсіз тәжірибе саны n = 5 болса, онда А оқиғасының төрт рет түсу ықтималдығын табыңыз.
-
Жәшіктегі тоғыз парақшада мынадай цифрлар жазылған: 56; 86; 43; 14; 91; 45; 49; 52 және 87. Қарамай бір парақшаны алып шыққанда, ондағы цифрлардың қосындысы 7-ге еселі сан болуы ықтималдығы қандай болады?
-
Егер А оқиғасының тұрақты ықтималдығы р = 0,9, тәуелсіз тәжірибе саны n = 6 болса, онда А оқиғасының үш рет түсу ықтималдығын табыңыз.
-
Жәшіктегі сегіз парақшада мынадай цифрлар жазылған: 25; 22; 51; 34; 43; 44; 58 және 75. Қарамай бір парақшаны алып шыққанда, ондағы цифрлардың қосындысы тақ сан болуы ықтималдығы қандай?
-
Егер А оқиғасының тұрақты ықтималдығы р = 0,9, тәуелсіз тәжірибе саны n = 6 болса, онда А оқиғасының төрт рет түсу ықтималдығын табыңыз.