
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
6-нұсқа
-
Атасы немересіне дүйсенбіде 1 кітап, әрбір келесі күні алдыңғы күннен 2 есе артық кітап сыйлады. Алты күнде атасы немересіне барлығы неше кітап сыйлағанын табыңыз.
-
Сыныптағы 30 оқушыны екі-екіден отырғызу керек. Оқушыларды отырғызу тәсілдерінің санын табыңыз.
-
Токарь 540 тетікті белгілі бір мерзім ішінде дайындау керек. Жаңа әдіс қолданған токарь күніне 30 тетік артық жасап жұмысты мерзімінен 3 күн бұрын бітірді. Жоспар бойынша ол бір күнде қанша тетік жасау керек екенін анықтаңыз.
-
Себетте 5 алма, 6 апельсин, 8 алмұрт бар. Кездейсоқ таңдалған бір жемістің алмұрт болып шығуының ықтималдығы қандай екенін анықтаңыз.
-
Кестеде берілген сандар қатары ретінде 5-сынып оқушыларының бойларының ұзындықтары келтірілген.
Оқушылардың
аты
Нұрболат Арман Нұрай Асылхан Толғанай Әнел Темірлан Бойларының ұзындықтары
(см есебімен)
145 148 150 148 140 142 155 Оқушылардың бойларының ұзындықтарының модасын табыңыз
-
Төмендегі кестеде әр қаладағы көкөністердің 1 кг-ның бағасы теңге есебімен көрсетілген. Егер 3 кг картоп, 1 кг сәбіз, 2 кг қырыққабат және 2 кг пияз алынған болса, онда қай қаланың тұрғыны ең көп және қай қаланыың тұрғыны ең аз ақша жұмсайтынын анықтап, олардың айырмасын табыңыз.
Қала/көкөніс картоп сәбіз қырыққабат
пияз Астана 130 105 100 110 Алматы 120 95 110 100 Павлодар 120 100 110 100 Семей 110 90 100 110 Шымкент 105 95 100 100 -
ABCD тікбұрышты екі квадратқа және екі тіктөртбұрышқа бөлінген. Суретті пайдаланып ABCD тіктөртбұрышының ауданын табыңыз
-
Кестеде хауыздағы судың температурасының тәулік барысындағы өзгерісі берілген.
Тәулік мезгілдерінің атауы Судың температурасы (градуспен) Таңертең 22 Сәске 24 Түс 28 Бесін 27 Кеш 25 Ымырт 23 Түн 22 Бесіннен түнге дейінгі судың температурасының өзгеріс ауқымы мен медианасын табыңыз
-
Куб пішіндес қораптың ішін радиусы 1 см-ге тең 216 шармен толтыруға болады. Осы қорапты радиусы 2 см болатын қанша шармен толтыруға болады?
-
Сыныптағы 8 оқушыдан 3 оқушыны неше тәсілмен шығаруға болатынын анықтаңыз
-
200 метрлік канализацияны іске қосу үшін ұзындықтары 800 мм және 1200 мм болатын 190 керамикалық құбырлар пайдаланылады. Осылардың әрқайсысынан сәйкесінше неше құбырдан алыну керек?
-
Суреттегі екі шеңберді жасауға жұмсалатын сымнан бір шеңбер құрастырылды. Жаңа шеңбердің диаметрін табыңыз.
-
Тіктөртбұрыштың ауданы 12 болса, онда боялған бөлігінің ауданы неге тең екенін анықтаңыз.
-
1-ден 100-ге дейінгі натурал сандар жазылған 100 карточка берілген. Кездейсоқ бір карточканы алғанда, ондағы санның 6-ға еселі болып шығуының ықтималдығы қандай екенін анықтаңыз.
-
Бірінші бидондағы сүт екінші бидондағы сүттен 2 есе көп. Олардан сәйкесінше 30 л және 20 л сүт құйып алынды. Сонда бірінші бидондағы сүт екінші бидондағы сүттен 3 есе көп болды. Әр бидонда неше литр сүт болған?
-
Логикалық амал \(a$b=\frac{(a-b)!}{b!}\) түрінде берілген болса, \(8$4\) өрнегінің мәнін табыңыз.
-
Табаны квадрат пішінді қуысты қалап шығу үшін 20 кірпіш қажет болды. Табан қабырғасы осыдан 3 есе үлкен квадрат пішінді қуысты қалап шығу үшін қажет болатын кірпіш саны (қуыстың биіктігі өзгеріссіз қалады)
-
Көркем әдеби кітаптың парағын нөмірлеу үшін 963 цифр қажет. Кітап қанша беттен тұратынын табыңыз.
-
Ұзындығы 12 см тік төртбұрыш берілген. Қабырғасы осы тік төртбұрыштың енінен 1 см кем квадраттың периметрі берілген тік төртбұрыштың периметрінен 10 см кем. Тік төртбұрыштың периметрін табыңыз.
-
Дөңгелек диаграммада гүлзардағы үлдердің саны пайызбен көрсетілген. Барлығы 1200 гүл болса, бәйшешектер санын табыңыз.