Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

5-нұсқа



Сұрақтар
  1. Қорапшада 5 көк, 5 қызыл және 5 сары түсті доптaр бар. Қорапшадан бір доп алынды. Алынған доптың сары түсті болу ықтималдығын табыңыз.

  2. Бір мектептің жоғары сыныптарында жұмыс атқаратын ұстаздардың еңбек өтілдері : 5; 8; 12; 15; 20; 8 (жыл). Осы сандардың арифметикалық ортасын табыңыз. 

  3. Айлақта екі орынды және үш орынды барлығы 12 қайық тұрған еді. Осы қайықтарға 28 адамды орналастыруға болады. Айлақта неше екі орынды, неше үш орынды қайық тұрғанын анықтаңыз

  4. \(2;5;7;11;15;20\) сандарынан кездейсоқ алынған бір санның 5-ке еселік болу ықтималдығын табыңыз. 

  5. Күннің ашық болу ықтималдығы 0,85. Күннің бұлтты болу ықтималдығын табыңыз. 

  6. Лифт бірінші қабаттан 3 қабатқа 6 секундта көтеріледі. 9 қабаттан бірінші қабатқа лифтмен түсуге қанша уақыт жұмсайтынын табыңыз. 

  7. Жәшікте 6 қызыл шар, 4 ақ шар, 3 көк шар бар. Кездейсоқ алынған шарлардың ішінде екі ақ шар болу үшін жәшіктен кем дегенде неше шар алу керектігін табыңыз. 

  8. Үш үйдің көлемдері: \(3615\: м^3, \: 2685\: м^3,\:1575\: м^3.\) Бұл үйлерді жылытуға жұмсалған 1575 мың теңгені олардың көлемдеріне пропорционал етіп бөліңіз. 

  9. Жолаушының жылдамдығы кескінделген кестені пайдаланып, оның соңғы екі сағатта неше километр жол жүргенін анықтаңыз. 

     

    Уақыт (сағ) 1 2 3 4 5 6 7
    Қашықтық (км) 12 24 36 36 36 60 84
  10. Гүлзардағы гүлдердің \(\frac5{12}\)-і раушан гүлі, \(\frac13\)-i қалампыр гүлі, \(\frac16\)-i қызғалдақ гүлі, қалғаны бәйшешек гүлі. Гүлзардағы гүлдердің дөңгелек диаграммасында бәйшешек гүлдері неше градустық бұрышпен кескінделетінін анықтаңыз. 

  11. \(91\cdot92\cdot...\cdot98\cdot99\) көбейтіндісі қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз

  12. \(1;5;7;9;x\) сан қатарының x-тің қандай мәнінде модасы 5-ке тең болатынын табыңыз

  13. \(A=\frac{x^2-2y}2\) және \(B=A+\frac2{x-y}\) екенін біле отырып, \(x=8,\:y=7\) болғанда \(A+B\) мәнін табыңыз. 

  14. Периметрі 98 см тіктөртбұрышты қаңылтыр бар. Қаңылтырдың ауданы барынша үлкен болатындай ұзындықтары сантиметрде бүтін сандар етіп алынған. Өлшемі 3 см х 8 см болатын ең көп дегенде неше тіктөртбұрышты қаңылтыр кесіп алуға болатынын табыңыз

  15. Тік төртбұрыш пішінді бассейннің маңайында серуендеп жүруге суретте көрсетілгендей етіп жол салынды. Осы жолдың ауданын табыңыз.

     

  16. Суретте аула және ауланың ішіндегі көкөніс егілген участок көрсетілген. Аула мен участокті қоршау үшін қанша метр шарбақ қажет екенін табыңыз

     

  17. Шаршы қабырғасының осы шаршыға іштей сызылған шеңбер радиусына қатынасын табыңыз.

  18. Ауыл шаруашылығында агроном әр гектардан орташа алынған бидай өнімін 6 жыл қадағалап, төменде көрсетілген диаграмманы құрды. Осы диаграмманы пайдаланып, 6 жыл ішінде өндірілген бидайдың орташа өнімін және олардың медианасын табыңыз. 

     

  19. Графикте жұмысшының 14 күнде жасаған тетіктерінің саны көрсетілген. Жұмысшы неше күн 160-тан артық тетік жасап отырғанын анықтаңыз. 

  20. Арба 942 м жол жүргенде оның дөңгелегі 300 толық айналым жасады. Арба дөңгелегінің диаметрінің мәнін табңыз \((\pi=3,14)\)

Қате туралы хабарландыру