
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
3-нұсқа
-
\(8,9,6\) цифрларын пайдаланып, олар қайталанбайтындай етіп құрастыруға болатын үштаңбалы сандар нешеу екенін табыңыз.
-
Төрт орындыққа төрт адамды отырғызу тәсілдерінің санын табыңыз.
-
Шеберхана белгілі бір мерзім ішінде 5400 жұп аяқкиім шығару керек. Күніне 30 жұп аяқкиім артық шығара отырып, тапсырысты мерзімінен 9 күн бұрын орындады. Тапсырма неше күнде орындалғанын анықтаңыз.
-
Қорапта 3 көк, 2 қызыл, 4 жасыл қарындаш бар. Кездейсоқ таңдалған бір қарындаштың көк болып шығуының ықтималдығы қандай екенін анықтаңыз.
-
\(x=2^5-1\) және \(y=4^3-2\) болса, бағандарды салыстырыңыз
А бағаны В бағаны x y -
Екі санның арифметикалық ортасы 15-ке, ал айырымы 12-ге тең. Осы сандарды табыңыз.
-
Астанадан Түркістанға жүріп бара жатқан поездың төрт вагонында 100 жолаушы бар. Егер бірінші вагоннан 16 жолаушыны екінші вагонға, екінші вагоннан 12 жолаушыны үшінші вагонға, ал үшінші вагондағы 8 жолаушыны төртінші вагонға орналастырсақ, онда 4 вагондағы жолаушылар саны теңеседі. Алғашқы кезде әр вагонда неше жолаушыдан болғанын анықтаңыз
-
Ахмет сүйірбұрышты және доғалбұрышты үшбұрыштың бұрыштарын өлшеді. Олардың төртеуінің өлшемдері мынадай: 110°, 75°, 65°, 15°. Сүйірбұрышты үшбұрыштың кіші бұрышы неге тең?
-
Үш жолаушы Павлодардан Астанаға пойызбен немесе автокөлікпен барғанда қаражат үнемдеу жолын ойластырды. Пойыз билетінің құны бір адамға 2265 теңге. Автокөлік 100 километр жолға 10 литр жанармай жұмсайды, ал жанармай бағасы бір литрге 112 теңге. Автокөлікпен жүрген жолдың ұзындығы 400 км. Ең аз дегенде жолға үш адамға қанша теңге төленеді?
-
\(12;24;30;60;66;?;138;276\) сан тізбегіндегі сұрақ белгісінің орнына қай сан сәйкес келетінін анықтаңыз.
-
Егер \(541*\) төрттаңбалы саны берілген болса, онда жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда берілген сан 2-ге де, 9-ға да бөлінетіндігін табыңыз.
-
Кестеде Қазақстаннның үш қаласындағы кейбір тағам өнімдерінің бағасы (теңгемен) көрсетілген.
Тағам атаулары Астана Павлодар Орал Сүт (1 литр) 230 200 205 Картоп (1 кг) 120 150 120 Күнбағыс майы (1 литр) 350 270 280 Қант (1 кг) 150 140 150 Жұмыртқа (10 дана) 170 150 160 Бұл қалалардың әрқайсысынан төмендегідей өнімдер жиынтығы сатып алынды: 2 литр сүт, 1 литр күнбағыс майы және 2 ондық жұмыртқа. Ең аз төленген ақша мөлшері
-
Ағасындағы жаңғақтың жартысы мен інісінің жаңғағының \(\frac35\) бөлігі өзара тең. Ағасының жаңғақ саны – M, інісінікін – K деп алсақ, онда дұрыс тұжырымды анықтаңыз.
-
Ит мысықтан 6 есе ауыр, тышқан мысықтан 20 есе жеңіл, бұзау тышқаннан 720 есе ауыр. Бұзаудың салмағы – M, иттің салмағы – K болса, бұзау мен иттің салмақтары үшін қай тұжырым дұрыс екендігін анықтаңыз
-
Туристтік компанияның офисінде үш азамат жұмыс істейді. Әрқайсысы тек өз елінің тілінде ғана сөйлейді, яғни не неміс, не орыс, не ағылшынша ғана сөйлейді. Сол компанияға жұмысқа келген Мұрат осы офистің бір қызметкерімен кездесіп қалды. Оның ағылшынша тілдесу ықтималдығын табыңыз.
-
Жаңа логикалық амал
\((t\blacksquare z)= 2(t^2-z^2)- (t+z)\) заңдылығымен есептеледі. \(((5\blacksquare 2)\blacksquare 34)\) есептеңіз
-
Бір тонна шөпті жылқы жеке өзі 30 күнде, сиыр жеке өзі 60 күнде жеп бітіретін болса, бір тонна шөп сиыр мен жылқыға неше күнге жететінін анықтаңыз.
-
Цирк аренасының диаметрі 13 м болса, арена ауданын табыңыз (\(\pi=3,14.\) жауабын бірліктерге дейін дөңгелектеңіз).
-
Суретте кескінделген фигура периметрін табыңыз \((\pi=3,1).\)
-
Суретте автокөліктердің қозғалыс граифгі кескіндеоген. Автокөлік 15 км жол жүрген соң көліктің ақаулығынан аялдауға мәжбүр болды. Графикті пайдаланып, автокөліктің неше миніт аялдағанын анықтаңыз.