Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Бірмүше және оның стандарт түрі

Конспект

Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.

Мысалдар: \(ab\cdot ba;\ 2x^3\cdot(3ax);\ -7;\ x; \ y^5 \) т.с.с.

Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастырылған айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған бірмүшенің түрін стандарт түр деп атайды.

Мысалдар: \(3x^2y;\ -1\frac{1}{2}a^3b^2;\ -x;\ xy^2.\)

Бірмүшенің алдындағы санды бірмүшенің коэффициенті деп атайды.

Мысалдар: \(-6a^2bx^3\)бірмүшесінің коэффициенті –6.

Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәрежелерінің қосындысын бірмүшенің дәрежесі деп атайды.

Мысалдар: \(-6a^2bx^3\)бірмүшесінің дәрежесі 2 + 1 + 3 = 6.



Сұрақтар
  1. Бірмүше түрінде жазыңыз: \( (–2x^4y^2)^3\)

  2. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \(xy\cdot(–7xy^2)\cdot4x^2y\)

  3. Бірмүшені стандарт түрде жазыңыз.

     \((-3x^2y)^3\)

  4. Бірмүшенің дәрежесін анықтаңыз.

    \((2\frac{1}{2}xy^2)^2\)

  5. Бірмүшенің коэфициентін табыңыз.

     \( (– 3a)\cdot2b\cdot(– c)\)

Қате туралы хабарландыру