iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қатынас. Берілген санды қатынаста бөлу
Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынасы деп аталады.
Мысалы, 14:7 немесе \(\frac{14}{7}\) оқылуы «14-тің 7-ге қатынасы», мұндағы 14 – алдыңғы мүшесі, 7 – соңғы мүшесі болады.
Егер берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа кері қатынас алынады.
Мысалы, \(\frac{2}{3}\) қатынасы \(\frac{3}{2}\) қатынасына кері қатынас.
Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсек немесе бөлсек берілген қатынасқа тең қатынас шығады.
Мысалы, \(\frac{10}{12}\) = \(\frac{5}{6}\) немесе \(\frac{3}{5}\) = \(\frac{9}{15}\).
Екі санның қатынасын процентпен өрнектеуге болады. Ол үшін санның қатынасын 100-ге көбейтіп, процент белгісін тіркеп жазу керек.
Мысалы: \({4,5\over9}={45\over90}=0,5\cdot100=50%\)%.
Санды берілген қатынаста бөлу үшін:
- Берілген қатынас мүшелерін қосу керек;
- Санды табылған қосындыға бөлу керек;
- Шыққан нәтижені қатынас мүшелерінің әрқайсысына көбейту керек.
Мысалы, 630 санын \(\frac{2}{7}\) қатынасына бөлу керек.
1) 2 + 7 = 9;
2) 630 : 9 = 70;
3) 70 · 2 = 140;
4) 70 · 7 = 490.
630 санын \(\frac{2}{7}\) қатынасына бөлсе, 140 : 490 болады.
-
Ас содасының судағы ерітіндісі берілген. Ондағы ас содасы массасының су массасына қатынасы 2 : 23. Ас содасының судағы ерітіндісінің концентрациясын табыңыз.
-
Компот қайнату үшін 12 : 5 : 3 қатынасындай алма, алмұрт және қара өрік алынды. Компоттың қанша проценті алмұрт болады?
-
Қоспадағы алтын мен күміс массаларының қатынасы 5 : 3.
56 г қоспадағы алтын массасын табыңыз.
-
Елдос төрт сан ойлады. Ол ойлаған сандардың қатынасы 2 : 3 : 5 : 8 қатынасындай. Бірінші сан мен үшінші санның қосындысы 84-ке тең. Елдос ойлаған төртінші санды табыңыз.
-
Көшенің ені 50 метр. Оның ұзындығының еніне қатынасы 200-ге тең. Көшенің ұзындығы қанша?
-
\({1}{5\over12}:{2\over15}\)қатынасын натурал сандар қатынасы түрінде жазыңыз.
-
Қатынастың алдыңғы мүшесін 3 есе арттырса, қатынас қалай өзгереді?
-
Жәшіктің ұзындығы а см, оның ені ұзындығының 75% – іне, ал биіктігі енінің 80% – іне тең. Жәшіктің көлемін табыңыз. Мұндағы а = 20.
-
Барлық бөлшек үш токарьға бөлінді. Біріншісіне барлық бөлшектің 0,48-і, ал екіншісіне біріншісіне берілген бөлшектің 5/6 -індей берілді. Қалған 180 бөлшек үшінші токарьға берілді. Барлығы қанша бөлшек?
-
Жездің құрамындағы мыс пен мырыш массаларының қатынасы 3 : 2 қатынасындай. 360 г жез құрамында неше грамм мыс бар?
-
Оқушы \(6\) күнде салған суреттер сандарының қатынасы
\(2:3:2\frac 13:4\frac 38:3:1\frac 7{24}\)
болса және екінші күні ол \(9\) сурет салса, онда барлығы қанша сурет салған?
-
Үш санның қатынасы \(2:4:7\) қатынасындай. Ең үлкен сан мен ең кіші санның қосындысы \(45\) – ке тең. Осы сандардың қосындысын және көбейтіндісін табыңдар.