iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
4-нұсқа
Евклид алгоритмі - ең үлкен ортақ бөлгішті табу
Евклид алгоритмі – бұл екі бүтін санның ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) табатын алгоритм. Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) – бұл екі санды қалдықсыз бөлетін ең үлкен сан және бұл сан екі санның кез келген басқа бөлгішіне де қалдықсыз бөлінеді. Басқаша айтқанда, бұл екі санды қалдықсыз бөлуге болатын ең үлкен сан. ЕҮОБ табу алгоритмі (бөлу әдісі бойынша) Үлкенірек санды кішірек санға бөлеміз. Егер қалдықсыз бөлінсе, онда кішірек сан ЕҮОБ болып табылады (циклден шығу керек). Егер қалдық қалса, онда үлкен санды қалдықпен алмастырамыз. 1-ші қадамға қайтып ораламыз.
Мысал:
30 және 18 сандарының ЕҮОБ-ін табу.
30 / 18 = 1 (қалдық 12)
18 / 12 = 1 (қалдық 6)
12 / 6 = 2 (қалдық 0)
ЕҮОБ – 6.
Программа:

-
Python тілінде бөлінгендегі қалдықты есептеу үшін қолданылатын оператор
-
Берілген программадағы функция қабылдайтын параметрлер саны
-
gcd функциясындағы while b: жолының мақсаты
-
Программадағы a, b = b, a % b жолының мақсаты
-
Рекурсия әдісін қолданып, Евклид алгоритмі арқылы екі бүтін санның ЕҮОБ-ын есептейтін функция