
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
6-нұсқа
Lego
«Lego» конструктор жиынтығы - балалардың сүйікті ойыншықтарының бірі. Оның бөлшектері неғұрлым ұсақ болса, соғұрлым онымен ойнаған қызықтырақ. Алайда, бала тым көп ойнап, конструктор элементін жұтып қою қауіпі бар. Ойынды жасаушылар пластикке зиянсыз барий сульфатын қосты. Енді жұтылған бөлікті рентген сәулесінің көмегімен анықтауға болады. Барий рентген сәулелерін сіңіреді, сондықтан оны асқазан-ішек жолын зерттеуде қолданады. Дәрігерге қаралу алдында науқас барий сульфаты препаратын ішеді. Бұл науқасқа зиян келтірмейді, өйткені барий сульфаты суда ерімейді, сондықтан адамдар үшін қауіпті емес.
-
ХІХ ғ.соңына дейін барийдің мына қосылысы оттекті алуда қолданылды.
-
\(BaSO_4\) тұнбасының түсі
-
1600 °C жоғары температурада барий сульфаты \( \)\(BaSO_4\rightarrow BaO+SO_2\uparrow +O_2\uparrow \) ыдырайды. Реакцияны теңестіріп, барлық коэффициенттердің қосындысы нешеге тең?
-
Барий сульфатының молярлық массасы
-
Массасы 20,8 г барий хлориді күкірт қышқылымен әрекеттескенде тұнбаға түсетін барий сульфатының массасын есептеңіз.