Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

30-нұсқа

Конспект

Асыл тастар

Лағыл, жақұт немесе карбункул деген қиын балқитын корунд минералының \((Al_2O_3)\) қызыл түсті түр өзгерісі болып табылады. Корундқа қызыл түс беретін оның құрамында 4%-ға дейін болатын \(Cr_2O_3\). Лондондағы Британ музейінде Бирмадан табылған дүние жүзіндегі ең ірі лағыл − «Эдуард лағылы» (массасы 33,4 г) сақталуда. Оның түсі – ашық қызыл. 



Сұрақтар
  1. Эдуард лағылы құрамындағы хром массасын есептеңіздер.

  2. \(M(Cr_2O_3)\) нешеге тең?

  3. Маржан (жемчуг) арогонит \((CaCO_3)\) минералынан түзіледі. Оның құрамында арагониттен басқа 10-14% органикалық заттар, 2-ден 4%-ға дейін су болады. 6,4 кг маржан тас құрамындағы судың массасын (г) есептеңіздер.

  4. Замартас, зүмірет (изумруд) – берилл минералы \(Be_2Al_2Si_6O_{18}\) (екіалюминий үшбериллийдің метасиликаты). Оның құрамына қоспа ретінде 18 элементтің қосылыстары кіреді. Замартастағы 0,01 берилийге сәйкес келетін оттек атомының зат мөлшерін (моль) табыңыздар .

  5. Қызыл лағыл (рубин) қақталған \(Al_2O_3\) химиялық қасиетіндей қасиет көрсетеді. Ол қышқылдармен де әрекеттеспейді (сол себептен лағылдан механикалық сағаттың маңызды бөлшектерін дайындайды). Лағыл үш түрлі затпен – фтор \((F_2)\), фторсутек \((HF)\) және қыздырғанда бром фторидімен \((BrF)\) әрекеттесіп, үшеуінде де \(AlF_3\) береді. Құрамында 2% қоспасы бар, 2 карат (1 карат = \(2\cdot 10^{-4}\)г) лағылды \(HF\)-пен әрекеттескенде алынған \(AlF_3\) массасын есептеңіздер.

Қате туралы хабарландыру