Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Бейорганикалық химия: Оксидтер. Негіздер. Қышқылдар. Тұздар.

Конспект

 

Негіздік оксидтерге негіздер сәйкес, негіздік окситердің металл төменгі тотығу дәрежесін ТД көрсетеді (+1, +2).

Мысалы:

K2O – калий оксиді, KOH – калий гидроксиді

CaO – кальций оксиді, Ca(OH)2 – кальций гидроксиді

FeO – темір (ІІ) оксиді, Fe(OH)2 – темір (ІІ) гидроксиді

CrO – хром (ІІ) оксиді, Cr(OH)2 – хром (ІІ) гидроксиді.

Екідайлы оксидтерде металдар жоғары тотығу дәрежелерді көрсетеді: +2, +3, +4.

Мысалы:

Al2O3 – алюминий оксиді (ТД(Al) = +3, топ нөмеріне сәйкес)

Fe2O3 – темір (ІІІ) оксиді

Cr2O3 – хром (ІІІ) оксиді

ZnO – мырыш оксиді (ТД(Zn) = +2, топ нөмеріне сәйкес)

Қышқылдық оксидтер қышқылдарға сәйкес, құрамында бейметалдар:

CO2 – көміртек (IV) оксиді; H2CO3 – көміртек қышқылы

SO2 – күкірт (IV) оксиді; H2SO3 – күкіртті қышқыл

SO3 – күкірт (VI) оксиді; H2SO4 – күкірт қышқылы

P2O5 – фосфор (V) оксиді; H3PO4 – фосфор қышқылы

және жоғары тотығу дәрежелерін көрсететін (+5, +6, +7) металдар болады:

Cr2O3 – хром (VI) оксиді, хром ангидриді; H2Cr2O7 – дихром және HCrO4 хром қышқылдары сәйкес

Mn2O7 – марганец (VІІ) оксиді, HMnO4 – марганец қышқылы.

 

Оксидтердің алу жолдары

1. Жай және күрделі заттарды оттекпен тотықтыру арқылы:

\(2Ca+O_2=2CaO \\ 4P+5O_2=2P_2O_5 \\ 4FeO+O_2=2Fe_2O_3\)

2. Негіздерді, қышқылдарды, тұздарды термиялық ыдырау:

\(2Fe(OH)_3 \xrightarrow{t} Fe_2O_3+3H_2O \\ H_2SiO_3 \xrightarrow{t} SiO_2+H_2O \\ 2Cu(NO_3)_2 \xrightarrow{t} 2CuO+4NO_2+O_2 \\ (CuOH)_2CO_3 \xrightarrow{t} 2CuO+CO_2+H_2O\)

 

Оксидтердің химиялық қасиеттері:

1. Сумен әрекеттесуі:

а) негіздік оксид + су = сілті

CaO + H2O = Ca(OH)2

 

б) қышқылдық оксид + су = қышқыл

SO3 + H2O = H2SO4

 

2. оксидтермен әрекеттесуі:

а) қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз

CO2 + CaO = CaCO3

 

б) қышқылдық оксид + екідайлы оксид = тұз

 

3SO3 + Al2O3 = Al2(SO4)3

 

в) негіздік оксид + екідайлы оксид = тұз

 

Na2O + ZnO = Na2ZnO2

 

3. Қышқылдармен және негіздермен әрекеттесуі:

а) негіздік оксид + қышқыл = тұз + Н2О

MgO + 2HCl = MgCl2 + H2O

 

б) қышқылдық оксид + негіз = тұз + Н2О

CO2 + 2NaOH = Na2CO3 + H2O

 

в) екідайлы оксид + негіз = тұз + Н2О

Al2O3 + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2O

 

г) екідайлы оксид + негіз = тұз + Н2О

\(Al_2O_3+2NaOH \stackrel{t}{=} \underset{натрий \\ метааллюминаты}{2NaAlO_2+H_2O}\)

Негіздердің судағы ерігіштігі бойынша суда еритін негіздер (сілтілер) мен суда ерімейтін негіздер деп жіктейді. Екідайлы негіздер қышқылдар мен негіздермен әрекеттеседі.

 

Негіздердің алынуы:

1) сумен әрекеттесуі:

активті метал + су = сілті + сутек

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

сілтілік және сілтілікжер метал оксидтері + су = сілті

CaO + H2O = Ca(OH)2

 

2) ерімтал тұз + сілті = ерімейтін негіз + су

FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH)2↓ + Na2SO4

K2CO3 + Ba(OH)2 = 2KOH + BaCO3

 

3) тұздардың сулы ерітінділерінің электролизі:

2NaCl + 2H2O = 2NaOH + H2↑ + Cl2

 

Негіздердің химиялық қасиеттері:

1. Бейтараптану реакция

 

а) негіз + қышқыл = тұз + Н2О

3NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3H2O

Cu(OH)2 + 2HCl = CuCl2 + 2H2O

 

б) негіз + қышқылдық тұз = орта тұз + су

Ca(OH)2 + Ca(HCO3)2 = CaCO3↓ + 3H2O

 

2. қышқылдық оксид + негіз = тұз + су

SO2 + 2KOH = K2CO3 + H2O

 

3. термиялық ыдырау:

 \(2Al(OH)_3 \xrightarrow{t} Al_2O_3+3H_2O\)

 

Қышқылдардың жіктелуі

 

1) қышқыл қалдығының табиғаты бойынша:

 

а) оттексіз қышқылдар:

HCl –хлорсутек қышқылы, тұз қышқылы

H2S – күкіртсутек қышқылы

 

б) оттекті қышқылдар:

H2SO4 – күкірт қышқылы

HClO4 – хлор қышқылы

 

2) қышқыл құрамындағы металл атомдарымен орынбасу сутек атом сандары бойынша;

 

а) бірнегізді қышқылдар:

HNO3 – азот қышқылы

HBr – бромсутек қышқылы

 

б) көпнегізді қышқылдар:

H2S (екінегізді),

H3BO3 (үшнегізді) – бор қышқылы.

Қышқылдардың алу жолдары

1. қышқылдық оксид + су = қышқыл

P2O5 + 3H2O = 2H3PO4

 

2. әлсіз қышқылдық тұз + күшті қышқыл = тұз + қышқыл

Na2SiO3 + 2HCl = H2SiO3↓ + 2KCl

 

3. қатты тұз + концентрлі күкірт қышқылы = ұшқыш қышқыл + тұз

\(\underset{қатты}{ NaNO_3}+\underset{конц.}{H_2SO_4}=HNO_3 \uparrow +Na_2SO_4\)

 

Қышқылдардың химиялық қасиеттері:

1. металл + қышқыл = тұз + сутек

(металдардың электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар)

\(Zn+ \underset{ер-ді}{H_2SO_4}=ZnSO_4+H_2 \uparrow\)

2. негіздік оксид + қышқыл = тұз + Н2О

CuO + 2HCl = CuCl2 + H2O

 

3. негіз + қышқыл = тұз + Н2О

Ba(OH)2 + H2SO4 = BaSO4 + 2H2O

 

4. тұз + қышқыл = жаңа тұз + жаңа қышқыл

Күшті қышқыл әлсіз қышқылдарды тұздарынан ығыстырады.

CH3COONa + HCl = CH3COOH + NaCl

 

Тұздардың жіктелуі

1) орта тұздар – қышқыл құрамындағы сутек атомдары толығымен металл атомдарына алмасқан. Мысалы: Na2SO4, Na3PO4, K2CO3

 

2) қышқылдық тұздар – қышқыл құрамындағы сутек атомдары толық металл атомдарына алмаспаған. Мысалы:

KH2PO4 – калий дигидрофосфаты

NaHCO3 – натрий гидрокарбонаты

 

3) негіздік тұздар – негіз құрамындағы гидроксид топтары толық қышқыл қалдықтарына алмаспаған. MgOHCl – магний хлоридінің негіздік тұзы, магнийдің гидроксохлориді.

 

4) кешенді тұздар – олардың құрамындағы күрделі катион немесе анион кешен түзуші метал мен лигандлардан тұрады. Мысалы:

\(\underset{~~~~~~~~~~~~\downarrow~~~~~~~~~~~~\searrow}{K_4[Fe(CN)_6]}-калийдің ~ гексацианофераты (II)~(сары ~қан ~тұзы) \\ кешен ~түзуші~~~~~лигандылар~\\ метал \)

 

K3[Fe(CN)6] – калийдің гексацианоферрат (ІІІ) (қызыл қан тұзы)

 

5) Қос тұздар – екі катиондар мен анионның арасында түзіледі, KAl(SO4)2

 

6) Аралас тұздар – бір катионмен екі аниондардан арасында пайда болады: CaOCl2 кальций гипохлориті-хлориді

 

Орта тұздардың алынуы

1) Қышқылдардың металдармен, негіздік және екідайлы оксидтермен және негіздермен әрекеттесуі:

Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

MgO + H2SO4 = MgSO4 + H2O

ZnO + 2HNO3 = Zn(NO3)2 + H2O

3NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3H2O

 

2) Негіздердің қышқылдық және екідайлы оксидтермен және қышқылдармен әрекеттесуі:

2KOH + CO2 = K2CO3 + H2O

2KOH + ZnO = K2ZnO2 + H2O

2KOH + H2SO4 = K2SO4 + 2H2O

 

3) Қышқылдық және негіздік оксидтердің әрекеттесуі:

\(CaO+SiO \overset{t}{=} CaSiO_3\)

4) Алмасу реакция нәтижесінде:

тұз + тұз = жаңа тұз↓ + жаңа тұз

Ba(NO3)2 + Na2SO4 = BaSO4↓ + 2NaNO3

қышқыл + тұз = жаңа тұз↓ + жаңа қышқыл

HCl + AgNO3 = AgCl + HNO3.

 

Орта тұздардың қасиеттері:

1. Оттекті қышқылдар мен аммоний тұздарының термиялық айырылуы:

NH4NO3 = N2O + 2H2O

NH4Cl = NH3↑+ HCl

CaCO3 = CaO + CO2

2Pb(NO3)2 = 2PbO + 4NO2 + O2

 

2. Гидролизға ұшырайды:

\(Na_2CO_3+H_2O \leftrightarrows NaHCO_3+NaOH~~~анион~ бойынша \\ FeCl_3+H_2O \leftrightarrows [FeOH]Cl_2+HCl~~~~~~~~~катион ~бойынша \\ Al_2S_3+6H_2O \rightarrow 2Al(OH)_3 \downarrow+3H_2S \uparrow~қайтымсыз~гидролиз\)

3. Қышқылдармен, негіздермен және тұздармен әрекеттесуі:

AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3

Al2(SO4)3 + 6KOH = 2Al(OH)3↓ + 3K2SO4

Ca(NO3)2 + Na2CO3 = CaCO3↓ + 2NaNO3

 

Қышқылдық тұздардың алынуы:

1. Қышқыл (артық) + негіз = қышқылдық тұз + су

H2SO4 + KOH = KHSO4 + H2O

 

2. Қышқылдық оксид + негіз = қышқылдық тұз

(артық мөлшерде

алынған кезде)

2CO2 + Ca(OH)2 = Ca(HCO3)2

 

3.Орта тұз + қышқыл = қышқылдық тұз

CaSO4 + H2SO4 = Ca(HSO4)2

 

Қышқылдық тұздардың химиялық қасиеттері:

1) Қыздырғанда айырылады:

\(Mg(HCO_3)_2 \overset{t}{=} MgCO_3 \downarrow+CO_2 \uparrow+H_2O\)

2) Бейтараптану реакцияға қатысады:

Mg(HCO3)2 + NaOH = MgCO3↓ + NaHCO3 + H2O

 

Негіздік тұздардың алынуы:

1) Орта тұздардың ерітінділеріне сілтінің аз мөлшерін қоссақ:

Al2(SO4)3 + 2NaOH = 2[AlOH]SO4 + Na2SO4

 

2) Әлсіз қышқылдардың тұздары орта тұздарға әсер еткенде:

2Ca(NO3)2 + 2Na2CO3 + H2O = [Ca(OH)]2CO3 + СO2 + 4NaNO3

 

Негіздік тұздардың химиялық қасиеттері:

1) Термиялық ыдырау:

[CuOH]2CO3 → 2CuO + H2O + CO2

 

2) негіздік тұз + қышқыл = орта тұз + су

[FeOH]Cl + HCl = FeCl2 + H2O

 



Сұрақтар
  1. Бейорганикалық заттардың негізгі кластары.

  2. Қай қатарда негіздік қышқылдық және екідайлы оксидтердің формулалары келтірілген?

  3. Күкірт (VI) оксиді қай қатардағы заттармен әрекеттеседі?

  4. Кальций оксиді нөмірленген заттардың қайсысымен әрекеттеседі?

      \(1. H_2SO_4     \;\;   2. H_2O    \;\;     3. Al_2O_3   \;\;        4. KOH   \;\;       5. P_2O_5\)

  5. Натрий гидроксиді және күкірт қышқылымен әрекеттесе алатын заттар.

  6. Электрондық конфигурациялары көрсетілген қай элементтердің жоғары оксидтері өзара әрекеттесе алады?

  7. Формулалары келтірілген заттардың ішіндегі ең күшті негіз.

  8. Қай қатардың барлық заттарымен натрий гидроксиді әрекеттеседі?

  9. Қандай заттардың өзара әрекеттесуі мынадай теңдеумен өрнектелінеді: \(H + OH= H_2O\) және бұл реакция қалай аталады?

  10. Қай заттардың ерітінділерінің әрекеттесуі нәтижесінде түзілген ерітіндінің ортасы сілтілік болады?

  11. Сұйылтылған күкірт қышқылы қай қатардың барлық заттарымен әрекеттеседі?

  12. Келтірілген қышқылдардың қайсыларын сәйкес келетін оксидтерді суда ерітіп алуға болады?

  13. Реттік номері 16 тең элементтің жоғарғы оксидінің сулы ерітіндісі қандай заттармен әрекеттеседі?

  14. Қандай реактивтердің көмегімен күкірт қышқылы  \(H_2SO_4\) мен ортофосфор қышқылы \(H_3PO_4 \) бар ерітінділерді ажыратуға болады?

  15.  \(Cu+HNO_3\rightarrow Cu(NO_3)_2+NO\uparrow +H_2O\) теңдеуіндегі қышқыл формуласының алдындағы коэффициент.

  16. Құрамында 0,1 моль калий гидроксиді бар ерітіндіге 0,2 моль тұз қышқылы бар ерітінді қосылса, ерітіндінің ортасы ... болады.

  17. Калий фосфатының, гидрофосфатының, дигидрофосфатының формулалары.

  18. Қандай заттардың көмегімен \( NaNO_3, NaHCO_3\) бар ерітінділерді бір-бірінен ажыратуға болады?

  19. Қандай заттар бар ерітінділердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде тек қана орта тұз түзілуі мүмкін?

  20. Формулалары келтірілген тұздардың қайсысы күкірт қышқылы мен натрий гидроксиді бар ерітінділерімен әрекеттескен кезде газ түзіледі?

  21. Бөлме температурасында сумен әрекеттескенде сутек бөле жүретін қосылыстар.

  22. Ацетальдегидтің 1 грамы толық жанғанда 26,6 кДж жылу бөлінген болса, реакцияның жылу эффектісін анықта.

  23. Оксидтер класына жататын қосылыстар қатары.

  24.  \(C+O_2=CO_2+400 \ кДж\) теңдеуі бойынша құрамында 20% қоспасы бар 2 кг темір жанғандағы бөлінетін жылу мөлшері (кДж).

  25. Негіздік оксидтер орналасқан қатар.

  26. Белсенді металл мен қышқыл арасында жүретін реакцияның нәтижесінде қандай заттар түзіледі?

  27. R2O5 оксидін түзетін элементтер қатары.

  28. Сілтілік орта көрсететін тұз(-дар).

  29. Тұз түзбейтін оксид(-тер).

  30. Аррениустің диссоциациялану теориясына сәйкес, негіздік орта көрсететін тұздар орналасқан қатар (-лар).

  31. Бренстед-Лаури теориясына сәйкес қышқыл формуласы.

  32. Амфотерлі (екідайлы) қасиет көрсететін элементтер жұбы (-тары).

  33. Аррениус теориясы бойынша сілтілік ортаны көрсететін тұз (-дар).

  34. Қышқыл (-дар) түзіледі.

  35. Қышқыл (-дар) түзіледі.

  36. Қышқыл құрамындағы сутек атомын металл атомы толық баспаған кезде пайда болатын заттар.

  37. Негіздер.

  38. Негіздер.

  39. Қышқыл құрамындағы сутек атомын металл атомы толық баспаған кезде пайда болатын заттар.

Қате туралы хабарландыру