
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
5-нұсқа
-
Реттік нөмірлері 13 және 16 болатын элементтердің жоғарғы оксид формуласы
-
Реакция ортасы қышқылдық болатын тұз
-
Сумен әрекеттесуі нәтижесінде метан түзетін көміртек қосылысы
-
Ерітіндіде бір мезгілде бола алатын иондар жұбы
-
Қызыл түсті металл оттекпен әрекеттесіп қара ұнтақ түзеді, оны концентрлі күкірт қышқылымен өңдегенде көгілдір ерітіндіге айналды. Бұл металл
-
Мұнай өнімдерін тазарту әдісі
-
Көлемі 4,48 л (қ.ж.) күкіртсутек газы мен натрий гидроксиді әрекеттескенде түзілетін тұздың формуласы мен массасы
-
Фенол мен формальдегид арасындағы реакция
-
Айнымалы валенттілік көрсететін элемент(тер)
-
Күкірттің периодтық жүйедегі орны
-
Ерітінділері мен балқымалары электр тогын жақсы өткізетін электролиттер
-
Суда жақсы ериді, қатты, балқу температурасы жоғары болатын зат
-
Карбон қышқылдарының қайнау температурасының жоғары болу себебі
-
Гипохлориттегі хлордың тотығу дәрежесі
-
\(C_{12}H_{22}O_{11}+H_2O\to\) теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы
-
VII A топ элементтерінің тотығу дәрежесі (лері)
-
200 г 10% \(CuSO_4\) ерітіндісіні электролизге ұшыратты. Электролиз өнімі 80% құрайды. Электродтарда бөлінген заттардың за мөлшері
-
Изомері болмайтын бензол гомологі
-
Зертханада массасы 148 г кальций гидроксидіне аммоний хлоридін қосқанда түзілген аммиакпен әрекеттескенде оттектің көлемі (қ. ж.) (реакция өршіткі қатысында жүреді)
-
27,2 г натрий ацетаты мен 31,5 г азот қышқылы әрекеттескенде түзілген сірке қышқылының массасы
-
\(Al_4C_3\stackrel{X}{\longrightarrow}Al(OH)_3\stackrel{t}{\longrightarrow}Al_2O_3\stackrel{+NaOH+H_2O}{\longrightarrow}X_1\) реакциядағы белгісіз \(X\) және \(X_1\)
-
Бұл зат қалқанша без гормонының дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет. Ол жүректің соғу жиілігін, тамақтың қанша мөлшері гликоген, ал қанша мөлшері жай зат түрінде жиналатынын анықтайды. Белгісіз элемент
-
Кейбір реакцияда температураны 30°C көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе артады. Осы реакцияның конфигурациялық коэффициенті
-
Аминқышқылдарының өзара әрекеттесу реакциясы
-
Атомдық кристалдық тор түзетін жай заттар
-
\(NaOH+H_2S\) әрекеттескенде түзілген тұз гидролизінің қысқартылған иондық теңдеуі
-
\(Ca(OH)_2\to X \to Ca(HCO_3)_2\to X \to CaO\to CaCl_2\) химиялық айналым тізбегінде Х заты:
-
Металдардың гексагональды торлы кристалдық тор түзетін қатары
-
Массасы 13 т шыны \((Na_2O\cdot CaO\cdot 6SiO_2)\) алу үшін мына заттардың \(Na_2CO_3, CaCO_3, SiO_2\) қажет массалары
-
Алюминий карбидін гидролиздегенде түзілетін көмірсутектің хлортуындысын натриймен әрекеттестіргенде алынатын қосылыс