
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
16-нұсқа
-
Мына жүйеде: \(N_2+3H_2\leftrightarrow2NH_2+92\: кДж\)
температураны арттырғанда тепе-теңдіктің ығысуы
-
Атомдық кристалдық тор түйіндерінде орналасады
-
Асқазандағы зиянды заттарды жоятын дәрі
-
Қазақстанда ірі кен орындары бар натрий қосылысы \(Na_2SO_4\cdot10H_2O\)
-
Анилиннің формуласы
-
Жасанды жібекті табиғи жібектен айыру әдісі
-
69 г этанолды алуға жұмсалатын этиленнің (қ. ж.) көлемі
-
Оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 5,625-ке тең органикалық қосылыстың молекулалық формуласы
-
Құрамында көміртектің массалық үлесі 81,8%, сутектің массалық үлесі 18,2% болатын, сутек бойынша тығыздығы 22-ке тең көмірсутектің формуласы
-
Үй жағдайында қамыр илеу үшін 10%-дық 250 г ерітінді дайындау үшін қажет тұз бен судың массасы
-
Мыстың сұйытылған азот қышқылымен әрекеттесуінде өршіткі болып табылатын зат және катализ түрі
-
Кальций ферриті
-
Көмірді химиялық өңдеу әдістері
1) конструкциялық
2) пиролиз
3) радиотехникалық
4) газдандыру
5) гидрогендеу
-
Бетке жағатын опа құрамына 10% глицерин, 20% натрий стеараты және тағы басқа заттар кіреді. 50 г глицеринді алуға жұмсалатын трихлорпропанның массасы (г)
-
Тамақ өнеркәсібінде антиоксидант, қоршаған ортада зиянды зат
-
Натрий стеаратының 59,5 грамын алу үшін қажетті сілті
-
Массасы 0,8 г натрий гидроксидімен фосфор қышқылы әрекеттескенде нәтижесінде гидрофосфат түзілу үшін массалық үлесі 40%, тығыздығы 1,25 г/мл фосфор қышқылы ерітіндісінің көлемі
-
Массасы 18,8 г мыс (II) нитратының судағы ерітіндісін электролиздегенде катодта бөлінген мыстың массасы
-
Күн сәулесі энергиясының және хлорофилдің әсерінен жасыл өсімдіктерде фотосинтез процесі жүреді. Фотосинтез барысында су мен көмірқышқыл газынан қарапайым қант пен оттек бөлінсе, 112 л көмірқышқыл газынан бөлініп шығатын оттегінің көлемі
-
Массасы 188 г құрамында 6% қоспасы бар мырыш алдамшысын жаққанда бөлінген күкіртті газды сіңіруге қажет натрий гидроксидінің \((20\%,\rho=1,125\: г/см^3)\) көлемі
-
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етпейтін фактор(лар)
-
№13 химиялық элементтің электрондарының орналасуы рет(тер)і
-
Инертті газ(дар)
-
Бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері артады
-
Сахароза гидролизі нәтиесінде түзілетін зат(тар)
-
Күкірт (VI) оксидімен әрекеттесетін зат(тар)
-
Негізгі топша бейметалдарының рет саны артқан сайын ... артады
-
Пластмассалардың температура әсеріне қарай жіктелуі
-
Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 болатын 23,2 г қаныққан көмірсутекті нитрлегенде алынған нитроқосылыстың массасы мен зат мөлшері
-
\(42\: м^3\) этиленнен массалық үлесі 0,94 болатын спирттің массасы