
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
18-нұсқа
Геоэкологиялық аудандастыру
Геоэкологиялық аудандастыру дегеніміз – адам әрекеті әсерінен өзгеріске ұшырау дәрежесін бағалау нәтижесінде адам тіршілігі тұрғысынан алғанда қолайсыз деп саналатын қазіргі табиғи-антропогендік ландшафтылардың немесе геожүйелердің кешенді аудандастырылуы. Геоэкологиялық аудандастыру нақты бір аймақ немесе геожүйелердегі экологиялық жағдайдың қаншалықты шиеленісті екенін көрсетеді. Геоэкологиялық шиеленістер геожүйе шегіндегі ішкі құрылымдардың бұзылуынан, сонымен қатар антропогендік өзгерістер әсерінен пайда болуы мүмкін. Қазақстан аумағы экологиялық шиеленіс деңгейі бойынша 5 деңгей мен 47 провинцияға бөлінеді.
-
Қазақстанды экологиялық тұрғыда 5 деңгей мен 47 провинцияға бөлген геоэколог ғалым
-
Табиғат компоненттерінің айқын, алайда тез арада қалпына келтіруге болатын өзгерістер тән аумақтар тиесілі экологиялық шиеленіс деңгейі
-
Нұрсұлтан, Көкшетау, Талдықорған, Орал қалаларының урбо-өндірістік кешендері жататын экологиялық шиеленіс деңгейі
-
Апатты деңгейге кіретін аймақ
-
Көптеген табиғат компоненттерінің түбегейлі, қайтымсыз өзгерістері тән аумақтар жататын экологиялық шиеленіс деңгейі