Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

19-нұсқа

Конспект

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі 

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) – ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдау, атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдалану жолындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту мәселелерімен айналысатын үкімет-аралық тәуелсіз ұйым. БҰҰ жүйесіне кіреді, бірақ онымен арнайы келісім негізінде қарым-қатынас жасайды. Агенттік өзінің қызметі туралы БҰҰ бас ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жыл сайын мәлімет береді. Қазір оған 151 ел мүше. Ұйым бюджеті 256 млн. АҚШ долларынан астам. 

АҚХА-ның маңызды қызмет ету салалары – атом қуатын бейбіт мақсаттарда пайдалану, осы салада тезникалық көмек көрсету, атом электр стансаларының (АЭС) қауіпсіздігін арттыру, радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру, радиоизотоптарды медицинада, т.б. адамзат шаруашылығында пайдалану.



Сұрақтар
  1. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі атауы

  2. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі  ұйымы құрылған жыл

  3. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі  ұйымының штаб пәтері орналасқан қала

  4. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі  ұйымының мақсаты

  5. Ұйымға мүше елдер саны

Қате туралы хабарландыру