Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

17-нұсқа

Конспект

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы — әскери-саяси одақ. 1949 жылы 4 сәуірде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек бұл ұйымға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда бұл ұйымға 30 мемлекет мүшелік етеді.

1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, ұйым одан бас тартады. Ұйымның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1946 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған. Альянстың іргелі мақсаттарының қатарында соғыстың алдын алу мен тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді нығайту, шарт мүшелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін дағдарыстарды еңсеру, басқа елдермен саяси үн қатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.

  



Сұрақтар
  1. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы

  2. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы құрылған жыл

  3. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымының штаб пәтері орналасқан қала

  4. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымының мақсаты

  5. Ұйымға мүше мемлекеттердің басым көпшілігі орналасқан аймақ

Қате туралы хабарландыру