Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

16-нұсқа

Конспект

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі.

Мұнай шығарушы елдердің мұнайды сыртқа шығару саласындағы саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 ж. Венесуэланың бастамасымен жүзеге асты. Өзара ықпалдасу және пікір алмасу барысында 1960 ж. қыркүйекте Бағдаттағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды.

Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. 



Сұрақтар
  1. Мұнай экспортаушы елдер ұйымының атауы

  2. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының штаб-пәтері орналасқан қала

  3. Мұнай экспорттаушы елдер құрамына енетін Африка елдері

  4. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы құрылған жыл

  5. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүшелік ететін латын Америкасындағы ел

Қате туралы хабарландыру