Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ауылшаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу салалары

Конспект

Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастыруда мынадай негізгі екі факторды ескереді: шикізат көзі мен тұтынушының жақындығы. Мысалы, консерв зауыттарын балық аулайтын елдімекендерге жақын салады. Тамақ өнеркәсібінің шикізат көзіне жақын орналастырылатын салаларына қант, консерв, май шайқау жатады. Қант қызылшасын алысқа тасымалдауға және ұзақ сақтауға болмайтындықтан, қант зауыттарын қант қызылшасын өсіретін аудандарға жақын салады.

Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің негізгі саласы – ет өнеркәсібі. Ет құрамында адам ағзасына пайдалы нәруыздар көп болады. Қазақстандағы ең ірі ет комбинаты Семей қаласында орналасқан. Бұл комбинат малдың тірідей салмағының 98 пайызын тұтастай пайдаға жаратып, жартылай дайын және дайын өнімдер шығарады.

Қант өнеркәсібі құмшекер мен шақпақ қант шығарады. Қант зауыттарын шикізат көзіне жақын орналастырады. Қазақстандағы құмшекер мен шақпақ қант зауыттары Тараз, Боралдай, Мерке қалаларында жұмыс істейді.

Қант өнеркәсібі шикізатты өте көп қажет ететін сала. Мысалы, 1 тонна құмшекер алу үшін 6-9 тонна қант қызылшасы қажет.

Қазақстанның оңтүстік аудандарында мақта өсіріледі. Еліміздегі бірден-бір шитті мақта майын өндіретін зауыт Шымкент қаласында орналасқан.

Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің аңғары Қазақстанның күрішті аймағы болып саналады. Мұнда әйгілі "Ақмаржан" күріші өсіріледі.

Қазақстанда Каспий теңізі, Балқаш пен Зайсан көлдері аймағы балық өнеркәсібі дамыған аудандарға жатады.

Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын 3 ірі кәсіпорын бар. Қостанай қаласында орналасқан "Баян сұлу" комбинаты өнімдерін жергілікті халықтан өзге, Республика аумағына шығарады.

Алматы қаласы – Қазақстанның басты жеңіл өнеркәсіптік ауданы. Мұнда тамақ өнімдерін шығаратын көптеген кәсіпорын жұмыс істейді. Солардың қатарына маргарин, ашытқы, шай фабрикаларын атауға болады.

Шарап жасау еліміздің тамақ өнеркәсібінің қосымша саласы болып саналады. Жүзім өсірілетін Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында шарап жасау зауыттары жұмыс істейді. Алматы шарап жасау зауытын "Бахус" акционерлік қоғамы басқарады.

Алматы облысында сары темекі өсіріледі. Осы сары темекіден әртүрлі өнім жасайтын америкалық "Филип Морис" компаниясы 1993 жылдан бері Алматы темекі кәсіпорнын басқарып келеді.

Тоқыма өнеркәсібі жеңіл өнеркәсіптің ежелгі саласы болып саналады. Қазақстандағы әртүрлі тігін және трикотаж өнімдерін шығаратын тігін фабрикалары Алматы, Шымкент, Семей қалаларында орналасқан. Халықтың тұрмыс қажетін өтейтін жеңіл өнеркәсіп саласының бірі фарфор-фаянс бұйымдары. Фарфор – фаянс бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар Қапшағай мен Астана қалаларында жұмыс  істейді.

       

Мақта                                                                                             

              

Алматы мақта-мата комбинаты

       

Тауық және сүт өнімдерін өндіру                   

                                           

Ұннан нан өнімдерін дайындау

       

Балық өнеркәсібі                                                                                         

Фарфор-фаянс өнімдері



Сұрақтар
  1. Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің басты саласын көрсетіңіз.

  2. Қазақстанның ең ірі ет комбинаты орналасқан қаланы белгілеңіз.

  3. Тамақ өнеркәсібі салаларын дамытуға және орналастыруға әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.

  4. Тамақ өнеркәсібінің шикізат көзіне жақын орналастыратын саласы.

  5. Шикізат көзіне жақын орналасатын тамақ өнеркәсібінің саласы.

  6. Шақпақ қант шығаратын зауыттар.

  7. 1 тонна қант алу үшін қажет қант қызылшасының мөлшері.

  8. Шитті мақта майын өндіретін зауытты табыңыз.

  9. Балық кәсіпшілігі дамыған көлдерді белгілеңіз.

  10. Еліміздегі ірі балық консерв комбинаты бар қаланы көрсетіңіз.

  11. Кондитер фабрикасы бар қаланы табыңыз.

  12. Маргарин, ашытқы, шай фабрикалары орналасқан қала.

  13. Шарап жасайтын зауыттар орналасқан облыстар:

  14. Темекі комбинаты орналасқан қала.

  15. Қазақстанның күріш өсіруге маманданған облысы.

  16. Күнбағыс майын өндіретін облыстар.

  17. Күнбағыс өсірілетін өзен аңғары.

  18. Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірін табыңыз.

  19. Ірі тігін фабрикалары бар қалаларды атаңыз.

  20. Жібек маталар комбинаты жұмыс істейтін қаланы табыңыз.

  21. Жеңіл өнеркәсіп саласы.

  22. Мақта тазалау зауыттары орналасқан қалалар.

  23. Жүн жуу комбинаттары салынған қалалар.

  24. Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібінің ірі кәсіпорны.

  25. Фарфор-фаянс өнімдерін шығарады.

Қате туралы хабарландыру