iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Биосфера. Географиялық қабық
Жердің тірі ағзалар мекендейтін және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады (грекше биос – тіршілік, сфера – шар). Тіршілік, яғни биосфера атмосфераның төменгі қабатын, бүкіл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды.
Жер бетіндегі тіршілік иелерінің таралуы әркелкі. Мысалы, мұхиттағы тіршілік тұңғиыққа дейін, тіпті ең терең шұңғымаларда да бар. Тіршіліктің таралуының ең жоғарғы шекарасы – озон қабаты, ең төменгі шекарасы – Мариан шұңғымасы. Тіршілік, көбіне, құрлық беті мен гидросфераның беткі қабатында таралған.
Тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы тығыз байланысты. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екіге бөлінеді: өсімдіктер жамылғысы мен фауна – жануарлар дүниесі. Материктерде жасыл өсімдіктердің, ал мұхиттарда жануарлардың үлес салмағы басым.
Географиялық қабық дегеніміз – Жер шарының біртұтас қабығы. Оның құрамына атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы қабаты, гидросфера мен биосфера кіреді, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олардың арасында ұдайы зат және энергия айналымы жүріп отырады.
Табиғат компоненттері, атап айтқанда, ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар өзара күрделі байланыса отырып, табиғат кешендерін құрайды. Мысалы: мұхит, теңіз, орман т.б.
Табиғат кешені дегеніміз – өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігі. Ең ірі табиғат кешені – географиялық қабық. Географиялық қабық төрт бөліктен тұрады: литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер. Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге "суб" (латынша – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады.
Экваторлық белдеу экватордың екі жағын бойлай созылып жатыр. Климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбейді.
Субэкваторлық белдеу жаңбырлы жаз маусымы мен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөлінеді.
Саваннада тығыз өскен биік шөптесін өсімдіктер мен сирек те болса ағаштар кездеседі. Жаңбырлы кезеңде саванна түрленіп, қызу тіршілік ортасына айналады. Құрғақ кезең басталысымен саванна қурап, ағаштар жапырағын түсіреді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30° ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан.
Субтропиктік белдеу солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 30-40° ендіктерде, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеулердің арасында орналасқан. Қоңыржай белдеу солтүстік жарты шарда аса үлкен аумақты алып жатыр, ал оңтүстік жарты шарда аз орынды алады. Қоңыржай белдеу шөл, дала, орман зоналарынан тұрады.
Шөл – Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Шөл зонасының климаты құрғақ, ылғал тапшы, жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм құрайды.
Дала зонасы – солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада кең алқапты алып жатқан табиғат зонасы. Дала зонасы көбінесе шөптесін өсімдік өсетін, ормансыз, жазық алқапты болады. Дала зонасы егіншілік пен мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді.
Орман зонасы дала зонасы мен тундра зоналарының арасында.
Субполярлық белдеу солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың шетін алып жатыр. Бұл белдеуде ең жылы айдың орташа температурасы +10°C-тан аспайды.
Полярлық белдеу солтүстік пен оңтүстік полюс төңіректерін қамтиды. Климат жағдайлар өте қатаң, жаппай мұз басып жатыр.
Биіктеген сайын ауа температурасы мен ылғал мөлшері өзгеріп отырады. Тауға өрлеген сайын табиғат зоналарының ауысып отыруын биіктік белдеулігі деп атайды. Таулардағы биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орны мен биіктігіне байланысты.
Экология грек тілінен аударғанда "эйкос" – үй, "логос" – ғылым деген мағынаны білдіреді. Экология тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейді.
Барлық табиғи кешендер белгілі бір дәрежеде адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне ұшырайды. Сондықтан адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне ұшыраған табиғат кешендері антропогендік табиғат кешендері деп аталады. Антропогендік табиғат кешендеріне егістіктер, бау-бақша, саябақ, су қоймалары мен каналдар жатады.
Табиғат кешені
Антропогендік табиғат кешендері
-
Жер шарындағы тірі организмдер таралған аймақты табыңыз.
-
Тіршілікке бай тірі организмдер ортасы.
-
Біртекті жағдайлы аумақта тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар жиынтығы.
-
Гидросфераның ... тереңдігіне дейін тірі организмдер бар.
-
Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде ... топқа бөлінеді.
-
Мұхит суының су айналымы нәтижесінде толық жаңаруына кететін уақыт:
-
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және микроағзалардың және олардың бірлестіктері биоценоздардың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
-
Жердің даму тарихында болған кезеңдерді белгілеңіз.
-
Географиялық қабық бұл:
-
Жер шарындағы ең ірі табиғат кешені.
-
Табиғат компоненттерінің жиынтығы ... құрайды.
-
Жер шарында 5-8°c.е пен 4-11°о. экватордың екі жағын алып жатқан табиғи белдеу.
-
Өтпелі географиялық белдеуді табыңыз.
-
Температурасы үнемі жоғары, жауын-шашын жыл бойы бмол болатын табиғат зонасы:
-
Әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін шөп басқан жазықтар.
-
Климаты құрғақ, өсімдігі өте жұтаң болып келетін табиғат зонасы.
-
Қоңыржай белдеудегі дала мен шөл аралығындағы өтпелі зона.
-
Шөп басқан, ормансыз, жазық жер.
-
Табиғи күйінде ағаштар басты орынға ие болатын табиғат зонасы.
-
Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандары.
-
Мүк пен қына, бұта өсетін мәңгі тоң таралған табиғат зонасы.
-
Солтүстік және оңтүстік жарты шардың 30°-60° ендіктеріндегі климаттық белдеу.
-
Құнарлы топырағымен ерекшеленетін табиғат зонасы.
-
Тайга мен тундра зоналарының аралығындағы өтпелі зона.
-
Таулардағы топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесінің биіктік бойынша өзгеруі.
-
Мұхиттағы тірі организмдердің басым көпшілігі 50 м-ге дейінгі тереңдікте шоғырланған. Бұл неге байланысты?
-
Биосфераға қатысты түсінік (-тер)
-
Топырақ туралы дұрыс берілген мәлімет (-тер)
-
Материктер мен тірі ағзалар дұрыс сәйкестендірілген нұсқа (-лар)
-
Географиялық кешендердің құрамбөліктері
-
Дұрыс сәйкестік (-тер)
-
Биосфераға қатысты түсінік (-тер)
-
Топырақтың түзілуінде шешуші орын алады
-
Материктер мен жануарлардың дұрыс сәйкестігі (-тері)
-
Тірі ағзалардың (биосфера) шегарасы