iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Көлік және байланыс. Халықаралық экономикалық байланыстар
Дүниежүзі бойынша теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың шақырым. Теміржол ұзындығы жөнінен алдыңғы орынды АҚШ алса, ал теміржолдың жиілігі жөнінен көзге түсетін аймақ Батыс Еуропа болып саналады. Мұнда 100 км² 10 км теміржолдан келеді.
Құбыр көлігі соңғы уақыттарда дамыған көлік түрі болып саналады. Құбыр көлігімен мұнай мен газ өнімдері тасымалданады. Ресей, Канада, АҚШ-тағы мұнай құбырларының ұзындығы 4,5-5 мың шақырымнан асады.
Ұлы географиялық ашылу кезеңдерінен бастап, Атлант мұхитында теңіз жолы дамып, бүгінде Солтүстік Американы Еуропа елдерімен байланыстыратын басты теңіз жолы аймағына айналды.
Автомобиль көлігі қысқа қашықтыққа жүк тасымалдауға қолайлы көлік болып саналады. Дүниежүзі бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 24-25 млн шақырымды құрайды.
Канал – адамның қолымен жасалған өзен. Халықаралық саудада маңызы зор каналдар – Панама, Суэц каналдары. Суэц каналы Египет мемлекетінің меншігі болып саналады. Каналдың тереңдігі 16,2 м, ұзындығы 161 шақырым. Канал Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді байланыстырады.
Әуе көлігі күшті дамыған елге АҚШ-ты жатқызуға болады: дүниежүзіндегі жолаушылардың 50 пайызын тасымалдайды. АҚШ-тың ең ірі әуежайы Чикаго қаласындағы О'Хара әуежайы.
Жер шарында байланыс жүйесі ең жоғары деңгейде дамыған ел – АҚШ. Мысал ретінде айтсақ, АҚШ-тың Манхэттен ауданындағы телефон желілерінің саны Африка материгіндегі желілер санына тең.
Шаруашылықты интернационалдандыру барысында ортақ нарық қалыптасып, тауарлар мен қаржы, сондай-ақ қызмет көрсету мен еңбек ресурстарының еркін алмасуы жүріп, экономикалық қатынастардың өркендеуіне жол ашылады. Дүниежүзі бойынша ең алғашқы мемлекеттер арасында экономикалық қатынастардың, тауар алмасудың нәтижесінде халықаралық сауда қалыптасты, яғни сыртқы сауда дамыды.
Халықаралық қаржы-қаражат қатынастарының негізгі атқаратын қызметі елдердің бір-біріне өзара қарыз бен несие беруі болып саналады.
Дүниежүзі бойынша қаржы операциялары жүзеге асырылатын үш орталық бар, олар: Лондон, Нью-Йорк, Токио қалалары. Еуропадағы қаржы орталықтары Майндағы Франкфурт, Цюрих, Брюссель, Париж қалалары. Бұл қалаларда ірі қаржылық операциялар жүзеге асырылады.
Валюталық металл ретінде алтын қолданылады. Ұлттық валютаның қорын сақтау мақсатында кез келген елдің ұлттық банкінде алтын қоры сақталады.
Жер шарындағы тау шаңғысы туризмінің басты ауданы – Альпі тауы. Альпі тауындағы демалу орындары өте жоғары дәрежеде жабдықталған. Ондағы демалыс орындарына жылына 60 млн-нан аса турист келеді.
Шетел туристерін қабылдаудан алдыңғы орын алатын аймақ – Еуропа. Соның ішінде Еуропаның Франция, Италия, Испания сияқты елдеріне жылына 30 млн-нан аса турист келіп, ел қазынасына 10 млрд-тан аса АҚШ доллары көлемінде пайда түседі. Туристерді қабылдаудан жетекші орын алатын туристік нысандардың бірі теңіз жағалауындағы курорттар болып саналады. Франция, Италия жағалауын шайып жатқан Көгілдір жағалау, Лигурия теңізі туристер жиі баратын аймақтар қатарында.
Еуропа халықаралық туризмнің басты ауданы болып саналады. Франция туристер қабылдаудан дүниежүзінде бірінші орынды алады. Мұнда жылына 75 млн турист келеді.
Халықаралық туризмнің ерекше бір дамыған түрі – қасиетті діни орталықтарға құлшылық ету. Мұсылмандар үшін Мекке мен Мәдине қалаларына бару борыш болып саналады. Ал христиан дініне табынушылардың қасиетті жері – Иерусалим, католиктердің қасиетті жері –Ватикан болып саналады.
Ватикан
Иерусалим
Кремль
Акрополь
Рим колизейі
Египет пирамидалары
Тәж-Махал кесенесі
Тәж-Махал кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Медина қаласы
Мекке
-
Теміржолдың ұзындығы жөнінен алдыңғы орындағы мемлекетті табыңыз.
-
Дүниежүзіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы (млн шақырым):
-
Темір жолдардың жиілігі жоғары аймақты табыңыз.
-
Ұзындығы 4,5-5 мың шақырым болатын құбырлар орналасқан елдерді табыңыз.
-
Ежелден теңіз жолы басты дамыған аймақ.
-
Халықаралық маңызды теңіз каналдары.
-
Суэц каналы арқылы байланысатын теңіздерді атаңыз.
-
Әуе көлігі өте жоғары деңгейде дамыған елді көрсетіңіз.
-
Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайды табыңыз.
-
Байланыс жүйесі жоғары деңгейде дамыған ел.
-
Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылған жылды көрсетіңіз.
-
Шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жоғарғы формасы.
-
Халықаралық экономикалық байланыстардың дәстүрлі және ең дамыған түрі.
-
Несие-қаржылық қатынастардың атқаратын қызметі.
-
Әлемдік қаржы орталықтары.
-
Валюталық металл.
-
Еуроның қолданысқа енгізілген уақытын табыңыз.
-
Таушаңғысы туризмінің басты ауданы.
-
Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы:
-
Еуропадағы ірі қаржылық орталықтары.
-
Туризм дамыған елдер қатарын көрсетіңіз.
-
Теңіз жағалауындағы курорттар дамыған аймақ.
-
Туристерді бәрінен көп қабылдайтын Еуропа мемлекеті.
-
Діни туризм дамыған қалалар.
-
Қала-мемлекет.
-
Франция, Ұлыбритания, Германия мемлекеттері кіретін халықаралық ұйым (-дар)
-
АҚШ, Канада, Италия кіретін халықаралық ұйым (-дар)
-
Дамыған мемлекеттерде кең таралған көлік түрі (-лері)
-
Теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер