iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Потенциалдық энергия
Потенциалдық энергия - денелердің немесе олардың бөлшектерінің өзара әсерлесуіне байланысты энергия \([Дж]\)
Ол денелердің өзара орналасуына немесе серпімді деформация шамасына тәуелді.
Жерден жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы (Ауырлық күшінің жұмысы)
\(\left. \begin{matrix} A=mgh_1-mgh_2\\ E_p=mgh \end{matrix} \right\}\) | \(A=E_{p_1}-E_{p_2}=-(E_{p_2}-E_{p_1})=-\bigtriangleup E_p\) |
Fа ауырлық күшінің жұмысы теріс таңбамен алынған потенциалдық энергияның өзгерісіне тең.
- Дене құлағанда: \(A>0;E_p\) кемиді
- Дене көтерілгенде: \(A<0;E_p\) артады,
- Дене горизонталь қозғалғанда: \(A=0;E_p=const\)
Жер бетінен жоғары көтерілген дененің потенциялдық энергиясы
\(\boxed{E_p=mgh}\) |
Дененің Жермен өзара әсерлесу энергиясы |
Нөлдік деңгейдің \((h=0)\)сайланып алуына байланысты болғандықтан потенциялдық энергия салыстырмалы |
Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы. Серпімділік күшінің жұмысы.
Гук заңы бойынша:
\(\boxed{F_{серп}=-kx,F_{серп}\neq const(F_{серп}\sim x)}\)
1) |
2) Серпімділік күші жқмысының сан мәні F=\((x)\) графигімен шектелген фигураның ауданына тең |
3)\(A_{серп}=\sigma_{mp}=\frac{a+b}2h\\ A_{серп}=\frac{F_{серп_1+}F_{серп_2}}2(x_1-x_2)=\frac{kx_1+kx_2}2(x_1-x_2)=\\=\frac{kx_1^2}2-\frac{kx_2^2}2\) |
4)Трапецияның ауданы |
\(A_{серп}=\frac{kx_1^2}2-\frac{kx_2^2}2\)
Fсерп const болғандықтан \(F_{серп}\) күшінің орташа мәні алынады
\(\left. \begin{matrix} A=F_{серп.орт}Scos\alpha\\ \mid F\mid=\frac{\mid F_1\mid +\mid F_2\mid}2\\ \mid S \mid=x_1-x_2\\ cos\alpha=1(\alpha=0^o) \end{matrix} \right\}\) | \(\boxed{A=F_{орт}Scos\alpha}\\ A=\frac{kz_1+kz_2}2(x_1-x_2)\\ \boxed{A_{серп}=\frac{kx_1^2}2-\frac{kx_2^2}2}\) |
\(\left. \begin{matrix} A=\frac{kx_1^2}2-\frac{kx_2^2}2\\ E_p=\frac{kx^2}2 \end{matrix} \right\}\) | \(\boxed{A=E_{p_1}-E_{p_2}=\\=-(E_{p_2}-E_{p_1})=-\bigtriangleup E_p}\) | Серпімділік күшінің жұмысы теріс таңбаменалынған потенциялдық энергияның өзгерісіне тең |
дене(серіппе) деформацияланбаса \(E_p=0\) дене(серіппе) деформацияланса \(E_p>0\) |
\(E_p\geq 0\) |
Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы
\(E_p=\frac{kx^2}2\)- |
дене бөлшектерінің әрекеттесу энергия |
\(E_p\) деформацияға тәуелді:
– деформация көп болса \(E_p\uparrow\)
– егер деформацияланбаса \(E_p=0\)
-
Потенциалдық энергиясы 10 кДж, массасы 2 т дененің нөлдік деңгейден биіктігі (g = 10 м/с²)
-
Еркін түсіп келе жатқан массасы 3 кг дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы (g = 10 м/с²)
-
Потенциалық энергиясы 400 Дж болатын 4 м биіктіктегі дененің массасы (g = 10 м/с²)
-
\(400\) Н күштің әсерінен сығылған, қатаңдығы \(104\) Н/м болатын серіппенің потенциалдық энергиясы
-
Бала серіппесінің қатаңдығы 10000 Н/м динамометрді созып, өзі тарта алатын ең үлкен күш 400 Н-ға тең екенін анықтады. Баланың серіппені созғанда атқаратын жұмысы
-
Серпімді деформацияланған серіппенің ұзындығын \(2\) есе арттырсақ, онда оның потенциалдық энергиясы
-
Тік жоғары лақтырылған дене 4 с өткен соң жерге қайта құлайды. Егер дененің массасы 0,5 кг болса, онда дененің лақтырылған мезеттегі кинетикалық энергиясы мен ең биік нүктедегі потенциалық энергиясы (ауа кедергісі ескерілмейді, g = 10 м/с²)
-
Ойыншық серіппелі пистолеттен атылған массасы 0,01 кг шар 1 м биіктікке тік жоғары көтеріледі. Қатаңдығы 400 Н/м серіппенің деформациясы (g = 10 м/c²)
-
Ұзындығы 30 см серіппені 40 см-ге созды. Серіппені 1 см-ге созу үшін \(5\cdot 10^5\) Н күш жұмсалды. Созылған серіппенің потенциалық энергиясы