Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Кинетикалық энергия

Конспект

Кинетикалық энергия (кинема – қозғалыс деген грек сөзінен шыққан) - дене қозғалған кезіндегі энергиясы (дене қозғалысын сипаттайды)\(E_k[Дж].\)

 

Қозғалыстағы су гидроэлектр станциясының турбиналарын айналдырып, өзінің кинетикалық энергиясын шығындатып жұмыс істейді. Қозғалыстағы ауаның – желдің де кинетикалық энергиясы болады. Атылған оқтың кинетикалық энергиясы оның жылдамдығының есебінен артады.Кинетикалық энергия дененің жылдамдығының квадратына және оның массасына тәуелді.

 

Кинетикалық энергия туралы теория

 

\(\vec{F}\) күштің әсерінен дене \(\vec{S}\)

орынауыстыру жасайды

және оның жылдамдығы \(\vec{v}_1\)ден \(\vec{v}_2\) ге дейін артады

\(\boxed {A=FS \ cos \ \alpha}\)

Денеге түсірілген күштің жұмысы кинетикалық энергияның өзгерісіне тең   \(A=E_{k_2}-E_{k_1}=\bigtriangleup E_k\)

 

Атқарылған жұмысты есептейміз

1) \(F=ma\) (Ньютонның ІІ заңы)

 

2) \(2aS=v_2^2-v_1^2\Rightarrow S=\frac{v_2^2-v_1^2}{2a}\)

3) \(\alpha=0^o;cos\alpha=1\)

 

\(A=\frac{mv_2^2-mv_1^2}2\) \(\Leftarrow \begin{bmatrix} A=ma\frac{v_2^2-v_1^2}{2a}\cdot1=\frac{mv_2^2}2-\frac{mv_1^2}2=\\=E_{k_2}-E_{k_1} \end{bmatrix}\) \(\boxed{E_k=\frac{mv^2}2}\)

 

\(\boxed{A=\frac{mv_2^2}2-\frac{mv_1^2}2}\)

 

Дененің массасы мен жылдамдығы квадратының көбейтіндісінің жартысына тең шаманы кинетикалық энергия деп атайды.

 \(\boxed{E_k=\frac{mv^2}2}\)

а) Таңдап алынған санақ жүйесінде:

 

- Егер дене қозғалмаса \(v=0,E_k=0\)

- Егер дене қозғалса, онда \(E_k>0\)

б) Санақ жүйесін сайлап алуға

байланысты болғандықтан

кинетикалық энергия

салыстырмалы шама

 

\(\left. \begin{matrix} \\ \\ \end{matrix} \right\}E_k\geq0\)

 

 

 



Сұрақтар
  1. Массасы 2 кг дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, оның жылдамдығы

  2. Массасы 2 кг дененің  кинетикалық энергиясы 900 Дж болса, оның жылдамдығы

  3. Массасы \(6,6\cdot 10^3\) т ғарыш кемесінің \(8\cdot 10^3\) м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы

  4. Жоғарыдан сырғанап түскен шананың кинетикалық энергиясы 240 Дж.  Егер горизонталь бөліктегі тежелу жолы 12 м болса, шананың тежелу кезіндегі үйкеліс күші

  5. 5 м биіктіктен құлаған массасы 3 кг дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы кинетикалық энергиясын тап. (g = 10 м/с²)

  6. Зілтемірші зілтемірді көтергенде 2 с-та 5 кДж жұмыс жасайды. Осы кездегі қуат

  7. Массасы 2 т, үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең автокөліктің апаттық тежелуде 50 м жүріп тоқтаған кинетикалық энергиясының өзгерісі (g = 10 м/с²)

  8. Массасы 1000 т пойыздың 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқандағы кинетикалық энергиясы

  9. Жылдамдығы 800 м/с, массасы 10 кг снаряд пен бірқалыпты қозғалған массасы 2 т автокөліктің кинетикалық энергиялары бірдей. Автокөліктің жылдамдығы

  10. Еркін түсіп келе жатқан массасы 4 кг дененің жылдамдығы жолдың келесі бөлігінде 2-ден 8 м/с-қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысы 

  11. Денені 75 м биіктіктен 10 м/с жылдамдықпен тік төмен лақтырған. Дене жерге соғылар мезетте оның кинетикалық энергиясы 1,6 кДж болды. Дененің жерге соғылар мезеттегі жылдамдығы мен массасын тап.

  12. 0,8 с жылдамдықпен қозғалатын протонның кинетикалық энергиясы қандай? \((c=3\cdot10^8\)м/с, \(m=1.67\cdot10^{-27}\)кг )

     

  13. Дене 15 м/с жылдамдықпен 100 м биіктіктен тік төмен құлатылды. Дененің жерге соғылар мезеттегі кинетикалық энергиясы 1500 Дж болды. Дененің жерге соғылар мезеттегі жылдамдығы мен массасын анықта.

Қате туралы хабарландыру