iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Релятивистік кинематика
Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалған дененің ұзындығының қысқару формуласы
\(l=l_0\sqrt{1-\frac{v^2}{c^2}}\)
мұндағы l0 ‒ тыныштықтағы санақ жүйесіндегі (СЖ) дененің бастапқы ұзындығы; \(v-\) дене жылдамдығы; \(c\ ‒\) жарық жылдамдығы
Релятивистік жылдамдықпен қозғалған дененің уақыт аралығының ұзақтығының формуласы.
\(\Delta t = \frac{\Delta t _0}{\sqrt{1-\frac{v^2}{c^2}}}\) мұндағы \(Δt_0\) ‒ тыныштықтағы санақ жүйесіндегі (СЖ) уақыт аралығы.
Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы
\(v = \frac{v_1+v_2}{1+\frac{v_1v_2}{c^2}}\)
мұндағы \(υ_1–\) дененің қозғалыстағы СЖ-гі жылдамдығы; \(υ_2–\) қозғалған СЖ-нің тыныш тұрған СЖ-ге қатысты жылдамдығы; \(υ \ –\) дененің тыныш тұрған СЖ-мен салыстырғандағы жылдамдығы.
-
Астронавттардың Жердегі өлшемдері бойынша жұлдыздық кеменің жүрген жолының шамасы \(2\) есе азайған болса, кеменің жылдамдығы
-
Жердегі бақылаушы үшін \(0,6\) с жылдамдықпен қозғалатын, ұзындығы бір метрлік білеушінің ұзындығы
-
Жердегі бақылаушымен салыстырғандағы қозғалмайтын сызғыштың ұзындығы \(2\) м. \(0,5\) с жылдамдықпен қозғалғандағы осы сызғыштың ұзындығы
-
Жылдамдығы 270000 м/с қозғалыстағы СЖ-де қозғалмайтын бақылаушының сағаты бойынша уақыттың баяулауы \((c=3\cdot10^8\) м/с\()\)
-
Екі реактивті ұшақ бір-біріне қарама-қарсы ұшып келеді. Олардың жерге қатысты жылдамдықтары \(1500\) км/сағ және \(3000\) км/сағ. Екінші ұшақтың жолаушысы үшін бірінші ұшақтың жылдамдығы
\((c=3\cdot10^8 \)м/с\()\)