Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Фотондар. Жарық қысымы.

Конспект

Жарық фотондары бөлшек ретінде импульске ие болады және оны денеге шағылу және жұтылу кезінде береді.

 

\(p=mc=\frac{h \nu}c=\frac h \lambda\) \(h \nu = mc^2 \Rightarrow\) \(m=\frac{h\nu}{c^2}\)

фотонның тыныштық массасы

\(m_0=0 \)

 

Фотон импульсінің бар болуы жарық қысымы арқылы дәлелденеді. Орыс физигі П.Н.Лебедев 1900 жылы жарықтың қатты денелерге және 1907--1910 жылдары газдарға түсіретін қысымын өлшеді. П.Н.Лебедев жарық шоғын кезек-кезек жылтыр және қарайтылған пластинкаға бағыттап, теориялық дәлелденгендей жарық қысымы қарайтылған пластинаға қарағанда жылтыр пластинкаға екі есе үлкен екендігін анықтады. Шындығында с жылдамдықпен қозғалған N фотонның ағыны дененің \(1\ м^2\) бетіне түсе отырып 1 с-та бетке \(p=\frac{Nh\nu}c=\frac{NE}c\) импульс береді. Бұл дененің \(1\ м^2\) бетіне түсірілген қысым. Олай болса, тәжірбиенің нәтижесінде дененің \(1\ м^2\) бетіне түсірілген қысым күші \(F = 4 \cdot 10^{-8}\) Н. Максвелл электромагниттік толқынның қысымы үшін \(P = (1+\rho)\omega_{орт}\) формуласын алды. Мұнда \(\rho\) – шағылу коэффициенті, абсолют қара беттерден \(ρ=0\), айналық беттерден \( ρ=1,\) ал \(ω_{орт}\) – толқын энергиясының орташа тығыздығы. Сонымен әр түрлі беттер үшін \(P=\frac{Nh\nu}c(1+\rho)\)

 

Жарық қысымы 1 с ішінде жарық кванттарының ағынымен дененің әрбір квадрат метріне берілетін толық энегиямен анықталады. Сонымен жарық қысымы жарықтың: әрі электромагниттік, әрі кванттық екі жақты табиғатының маңызды дәлелдерінің бірі. Жарықтың бұл қасиеті жарық дуализмі деп аталады.

 

\(p=\frac h\lambda \to \lambda = \frac hp,\) мұндағы λ-де Бройль толқын ұзындығы.



Сұрақтар
  1. Рубинді лазер бір импульс кезінде толқын ұзындығы \(6,6\cdot10^{-7}\) м болатын \(3,5\cdot10^{19}\) фотон шығарады. Импульс ұзақтығы \(10^{-3 }\) с болса, лазердің сәуле шығаруының орташа қуаты

     \((c=3\cdot10^8\)м/с, \(h=6,6\cdot10^{-34}\) Дж · с\()\) 

  2. Жиілігі \(10^{15}\) Гц жарық жазық айнаға перпендикуляр түседі. Шағылған кездегі фотон импульсінің өзгерісі

     \((c=3\cdot10^8\)м/с, \(h=6,6\cdot10^{-34} \)Дж · с \()\)

  3. Жарық ақ немесе қара түсті беттердің қайсысына үлкен қысым түсіретінін анықта

  4. Фотонның энергиясы \(50\cdot10^{-19}\) Дж болса, жарық сәулесінің жилігі

    \((h=6,62\cdot10^{-34}\) Дж·с\()\)

  5. Толқын ұзындығы \(1,6\cdot10^{-8}\) м болатын сәуле фотонының импульсі

    \((h=6,63\cdot10^{-34}\) Дж·с\()\)

  6. \(600\) нм толқын ұзындығы бар фотонның энергиясын анықта

    \((c=3 \cdot 10^8\) м/с, \(h=6,63 \cdot 10^{–34}\) Дж ⋅ с\()\)

  7. Фотокатодқа жұтылатын фотонның энергиясы – \(5\) эВ. Электронның катодтан шығу жұмысы – \(2\) эВ. Фототокты тоқтата алатын жапқыш потенциалдар айырмасы

    (\(1\) эВ \(= 1,6 \cdot 10^{-19}\) Дж, \(e = 1,6 \cdot 10^{-19}\) Кл)

Қате туралы хабарландыру