Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Молекула-кинетикалық теория негіздері

Конспект

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында экспериментік негіздеудің нәтижесінде молекулалардың өзара әрекеттесуін және қозғалыстарын сипаттайтын келісті теория молекула-кинетикалық теория жасалды.

Заттардың құрылысы туралы молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:

1. Барлық дене (зат) белгілі бір арақашықтықта орналасқан бөлшектерден тұрады (молекула, атом, иондар).

Тәжірибелік дәлелдеу (негіздеу)

- заттың ұсақталуы, - заттардың араласуы (диффузия),

- сұйықтың булануы, - тунелді микроскоптың суретке түсіруі.

2. Заттың құрамындағы атомдар мен молекулалар үздіксіз хаосты қозғалыста болады.

 

3. Бөлшектер арасында молекулалық өзара әсерлер болады (тартылу, тебілу).

Тәжірибелік негіздеме:

- Қатты дене пішінінің сақталуы.

- Бөлшектер белгілі арақашықтықта болуы.

- Денелердің серпімділігі.

- Денелердің өңделген беттерінің жабысуы.

 



Сұрақтар
  1. Алтынның көршілес  екі атомының  центрлерінің арақашықтығы \(2,9\cdot 10^{-10}\) м. Қалыңдығы \(0,1\) мкм алтынның жұқа қабығының қалыңдығына орналасатын атомның саны

  2. Орташа тереңдігі  \(5\) м, ауданы \(4\) к\(^{2}\)м көлге масcасы \(10\) мг ас тұзын (NaCl) салды. Көп уақыт өткеннен кейін көлден көлемі  \(200\) см \(^3\) бір шыны су алды. Салынған кристалдағы натрий ионының бір шыны судағы саны. 

    \((N\)\(_A\)\(=6,02\cdot 10^{23})\)

  3. Бетінің ауданы \(20\) см \(^2\) тетікке қалыңдығы \(1\)мкм күміс қабатын жалатқан. Осы қабаттағы күміс атомдарының саны 

    \((NA=6,02\cdot 1023,\ \rho=10,5\cdot 103\) кг/м\(^3\), \(M=108\cdot 10^{-3}\) кг/моль\()\)

  4. Термометрдің негізгі түрлері

  5. Судың молярлық массасы

  6. Азоттың температурасы қандай болғанда орташа квадраттық жылдамдығы \(830\) м/с болады? Азоттың молярлық массасы: \(M= 28⋅10^{-3}\) кг/моль, \(N_A = 6,02⋅10^{23}\) моль\(^{-1}\), \(k= 1,38⋅10^{-23}\) Дж /К.

  7. Егер \(N\)\(_A\)\(=6,02\cdot 10^{23}\), \(M=4\cdot 10^{-3}\) кг/моль болса, онда массасы \(10\) г гелийдегі молекулалар саны

Қате туралы хабарландыру