Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Математикалық және серіппелі маятниктің тербелісі



Сұрақтар
  1. Массасы \(500\) г жүк \(200\) Н/м серіппеде тербеліс жасайды. Серіппелі маятниктің тербеліс амплитудасы \(5\) см. Тепе-теңдік күйден \(2\) см қашықтағы дененің қозғалыс жылдамдығын анықта.

  2. Серіппеге бекітілген массасы \(30\) г дене \(1\) минутта \(300\) тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы

  3. Ұзындығы \(99,5\) см математикалық маятник бір минутта \(30\) тербеліс жасайды. Еркін түсу үдеуін тап.

  4. Егер математикалық маятниктің периоды \(2\) с болса, онда жіптің ұзындығы қанша болады?

  5. Тербеліс периоды \(2\) с болатын математикалық маятниктің ұзындығы қанша?

  6. Серіппеге ілінген мыс шар вертикаль тербеліс жасайды. Егер серіппеге радиусы дәл сондай алюминий шар ілінсе, онда тербеліс периоды қалай өзгереді?

    \(( \rho= 8900\) кг/м\(^3\)\( \rho=2700\) кг/м\(^3)\)

  7. Қатаңдығы \(250\) Н/м серіппеге ілінген жүк \(16\) с ішінде \(20\) тербеліс жасайды. Жүктің массасы қандай?

  8. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербеліс периодтары бірдей. Егер математикалық маятниктің ұзындығы \(0,4\) м, ал серіппенің қатандық коэффициенті \(20\) Н/м болса, онда серіппелі маятник жүгінің массасы қандай?

    \(g = 9.8 \) м/с\(^2\)

  9. Ұзындығы \(37\) см резеңке баудың қатаңдығын анықтау үшін оқушы бауға массасы \(100\) г жүк ілгенде бау \(90\) см-ге ұзаратын болса, резеңке баудың қатандығы мен периоды қандай болады?

  10. Қатаңдығы \(0,5\) кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы \(6\) см-ге, ең үлкен жылдамдығы \(3\) м/с-қа тең болса, оның массасы қандай?

Қате туралы хабарландыру