Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Дененің массасы. Инерттілік. Заттың тығыздығы. Ньютонның заңдары



Сұрақтар
  1. Ньютон заңында орындалатын санақ жүйесі

  2. Тыныштықта қозғалған автомобиль массасы – 1,4 т, алғашқы 85 м жолды 12 с ішінде өткендегі кедергі коэффициенті  0,05-ке тең. Автомобиль қозғалтқышының жұмысы

     

  3. Кедергі коэффициенті 0,005 болғанда тепловоздың ең үлкен тарту күші 300 кН-ға жетсе, ол 0,1 м/с² үдеумен қандай массалы құрамды тарта алады?

  4. Массасы 5 т автокөлік орнынан қозғала бастағанда 0,6 м/с² үдеу алды. Қозғалыстағы кедергі коэффициенті 0,04 болса, тарту күші неге тең?

  5. Шамалары  \(F_1\)= 3 H және \( F_2\)= 4 H болатын екі күш дененің бір нүктесіне әсер етеді. \(F_1 F_2\) күш векторының арасындағы бұрыш 900 градусқа тең. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулі

  6. Массасы 15 т болатын жүк толтыра тиелген автобус орнынан 0,7 м/с² үдеумен қозғалады. Қозғалысқа кедергі коэффициенті – 0,03. Тарту күші неге тең?

  7. Дене 20 Н күш әсерінен 0,5 м/с² үдеу алады. Дененің массасы

  8. Ньютонның екінші заңының импульстік түріне қай өрнек сәйкес келеді?

  9. Массасы 1000 т болатын пойыз бекеттен шыққан соң өзінің тарту күшін 250 кН-ға жеткізді. Егер кедергі күші жол бойында тұрақты, ал оның ауырлық күшіне қатынасы 0,005 болса, онда пойыздың бекеттен 1 км қашықтықтағы жылдамдығы мен үдеуі қандай болар еді? Осы жылдамдықты алуға қанша уақыт кетеді?

  10. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне өткенде қандай шамалар тұрақты болып қалады?

Қате туралы хабарландыру