Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Бірқалыпты теңүдемелі қозғалыс. Дененің еркін түсу қозғалысы



Сұрақтар
  1. 400 м биіктікте қозғалмай тұрған тікұшақтан тасталған жүк жерге қанша уақыттан кейін түседі? ( g = 10 м/с²)

  2. Еркін түскен дене соңғы 2 с ішінде 60 м жол жүрсе, онда оның еркін түсуіне жалпы қанша уақыт кеткен?

  3. 0,96 м/с² үдеумен қозғалған автомобильдің 8,7 с уақыт өткеннен кейінгі жылдамдығы мен жүрген жолын анықта. Бұл дененің бастапқы жылдамдығы нөлге тең.

  4. Тыныштық күйінен 0,6 м/с² үдеумен қозғала бастаған автокөлік 30 м жол жүру үшін қанша уақыт жұмсады?

     

  5. 500 м биіктікте қозғалмай тұрған тікұшақтан тасталған жүк жерге қанша уақыттан кейін түседі? ( g = 10 м/с²)

  6. Жолаушылар пойызы тежегішті 0,3 м/с² үдеумен қозғала отырып іске қосады. Егер пойыздың қозғалыс жылдамдығы 15 м/с болса, онда вокзалдан қандай қашықтықта және қанша уақытта тежегішті іске қоса бастау керек?

Қате туралы хабарландыру