Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

5-нұсқа

Конспект

Жердің жасанды серігі

Егер Жердің жасанды серігінің (ЖЖС) Жер бетінен ұшып шығу жылдамдығы 11,2 км/с болса,ол Жердің тартылыс күшін жеңіп шығып, Күннің жасанды серігіне айнала алады.Бұл жылдамдықты екінші ғарыштық жылдамдық деп атайды. Егер дене жылдамдығының мәні бірінші ғарыштық жылдамдықтан үлкен, екінші ғарыштық жылдамдықтан кіші болса, оның траекториясы эллипс түрінде болады. Кеплер заңдары орындалады.
ЖЖС жылдамдықтары биіктікке және Жерді айнала ұшу траекториясына тәуелді. Орбиталардың Жер бетінен қашықтығы 100 км 40 000 км аралығында болады. Төменгі Жерге жақын орбиталарда Жердің тартылыс күші және атмосфераның жоғары қабаттарына үйкеліс болатындықтан, жылдамдықты арттыру керек. 200 км – 2000 км аралығындағы қашықтықтарда орбиталық жылдамдық мәні 6,9 км/с–7,8 км/с аралығында болады, ЖЖС жылдамдығы 3,1 км/с.



Сұрақтар
  1. Екінші ғарыштық жылдамдықтың мәні. 

  2. Егер дене жылдамдығының мәні бірінші ғарыштық жылдамдықтан үлкен, екінші ғарыштық жылдамдықтан кіші болса, онда оның траекториясы қандай болады?

  3. Жер бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналуы үшін жасанды серіктің алатын жылдамдығы

    (\(G=6,67\cdot10^{-11}\,Н\cdot\frac{м^2}{кг^2},\,\,M=6\cdot10^{24}\,кг,\,\,R_ж=6400\) км)

  4. Жер бетінен 600 км арақашықтықта орналасқан массасы 2 кг денеге әсер ететін күшті анықтаңыз.

    (\(G=6,67\cdot10^{-11}\,Н\cdot\frac{м^2}{кг^2},\,\,M=6\cdot10^{24}\,кг,\,\,R_ж=6400\) км)

  5. Жер бетінен 500 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен қозғалған жасанды серіктің айналу периоды

    (\(G=6,67\cdot10^{-11}Н\cdot\frac{м^2}{кг^2},\,\,R_ж=6400\) км)

Қате туралы хабарландыру