iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
4-нұсқа
Батминтон
Айман мен Айбат күнін саябақта өткізуді шешті. Бірнеше көңілді бадминтон раундтарынан кейін, Айман ракеткамен воланчикті қатты ұрып еді воланчик жоғары көтеріліп, бір сәтте воланчик жер бетінен 10 метр биіктіктегі биік емен ағашының бұтағына ілініп қалды. Айбат Айманға өз смартфонын беріп, воланчикті алу үшін өзі ағашқа өрмелеп көтерілді. Оның көтерілу жылдамдығы орташа есеппен 0,5 м/с болды. Айбат бұтақты дірілдетіп, воланчик жерге құлап түсті. Айбат емен ағашынан ақырындап түсті. Айман сол сәтте Айбаттың смартфонында фитнес-қосымшадағы деректерге назар аударса, фитнес-қосымшасында мынадай көрсеткіштер жазылған екен: Айбаттың массасы — 64 кг, ағашқа көтерілу уақытында жұмсалған калориялар мөлшері — 2 ккал. (1ккал=4200 Дж, g=10 м/с²)
-
Айбат ағашқа қанша уақытта көтерілді?
-
Воланчик жерге құлау уақыты?
-
Воланчиктің жерге соғылу мезетіндегі жылдамдығы қандай?
-
Айбаттың көтерілу кезінде атқарған жұмысын анықтаңыз.
-
Айбаттың емен ағашына көтеріліп және төмен түсуі кезінде ауырлық күшінің атқарған жұмысын анықтаңыз.