
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
14-нұсқа
-
Термодинамикалық жұмысты анықтайтын формула
-
Энергиясы Е фотонның толқын ұзындығы
-
Көлемі \(0,4 \ м^3\) болатын дене суға жартылай батырылған. Денеге әрекет ететін Архимед күші \((\rho_{су} = 1000\;кг/м^3, g = 10\ Н/кг)\)
-
Тұрақты қысымда температурасы \(\Delta T\)-ға артқан, зат мөлшері \(\nu\) болатын идеал газдың жұмысы
-
Насос поршені астындағы ауа қысымы \(10^5\) \(Па\) , ал көлемі \(180\) \(см^3\). Егер газ температурасы өзгермесе, \(150\) \(см^3\) көлемді алып тұрған ауа қысымы
-
Массасы тұрақты идеал газдың \(278^\circ C\) температурадағы көлемі \(1\) \(м^3\). Сол қысымда және \(829^\circ C\) температурадағы газ көлемі
-
Егер жазық конденсатор астарларының арасына салынған слюданы \((\varepsilon_1=6)\) балауызбен \((\varepsilon_2=2)\) алмастырсақ, оның электрсыйымдылығы
-
Дене 20 м/с бастапқы жылдамдықпен көкжиекке 45° бұрышпен лақтырылады. Дененің ұшу уақыты \((g=10 м/с ^2, sin45^\circ=0, 7)\)
-
Массасы 1,5 т автобус орнынан 1,5 кН күштің әсерінен қозғалады. Автобусқа әрекет ететін кедергі күші 450 Н болса, оның үдеуі
-
Платина өткізгіштің 20°C температурадағы кедергісі 20 Ом, ал 500°C температурадағы кедергісі 59 Ом. Платинаның кедергісінің температуралық коэффициенті
-
Мыс купоросы ерітіндісін электролиздеу кезінде 50 минут ішінде \(6 \cdot 10^{–3}\) кг мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың шамасы \((k_{мыс}= 3\cdot10^{–7}\) \(кг/Кл)\)
-
Қатаңдығы 200 Н/м серіппеге ілінген жүк \(x = 0,1sin5t(м)\) заңдылығымен тербеледі. Жүктің массасы
-
\(t_1=80^\circ C\)-тағы 200 г суды \(t_2=20^\circ C\)-тағы 500 г сумен араластырамыз. Қоспаның температурасы (қоршаған ортамен жылу алмасу ескерілмесін)
-
Эрбий \(^{172}_{68}Er\) ядроларының ыдырамаған атомдар санының уақытқа тәуелділігі берілген. Эрбийдің жартылай ыдырау периоды
-
Энергетикалық деңгей диаграммасын пайдаланып, сутегі атомның энергиясы максималды сәуле жұтуға және энергиясы минимал сәуле шығаруына сәйкес келетін өтулер
-
Алюминийдің \(^{27}_{13}Al\) атомының құрамы
-
Ауданы 100 \(см^2\) сым рамада индукциясы 0, 4 Тл біртекті магнит өрісінде 10 Гц жиілікпен бірқалыпты айналады. Рамада пайда болатын индукциялық ЭҚК-інің амплитудалық мәні 314 В болса, орам саны
-
Массасы 2 кг денеге Марс планетасының бетінде әрекет ететін ауырлық күші \((g_{марс}= 3,8 \) \(Н/кг)\)
-
27°С температурада алынған оттекті изобаралық түрде сығып, оның көлемін бастапқымен салыстырғанда 5 есе азайтады. Егер газдың массасы 160 г болса, сығу кезінде атқарылған жұмыс \((M=32\cdot10^{–3}\frac{кг}{моль}, R=8,31 \frac{Дж}{моль\cdot К})\)
-
Серіппенің қатаңдығы 100 Н/м, ал серпімдік күшінің жұмысы 12,5 Дж болса, серіппенің абсолют деформациясы
-
Өткізгіш электр өрісіне тап болған кезде, ол бір жақ шетінде оң заряд, ал екінші жақ шетінде шамасыы жағынан дәл осындай теріс заряд пайда болатындай түрде электрленуі
-
Электрқозғалтқышының қуаты 3 кВт, ток күші 12 А. Электрқозғалтқышының қысқыштарындағы кернеу
-
Қатаңдығы 160 Н/м серіппеге ілінген массасы 200 г дене горизонталь жазықтықта 2 см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігі
-
4 B кернеуді тұтынатын велосипед шамының 1 с уақытта жұмсаған энергиясы 0,8 Дж болса, шамның ток күші
-
Өткізгіш индукциясы 0,2 Тл магнит өрісінде, индукция векторына 45° бұрыш жасай, 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіште индукцияның электр қозғаушы күші 1,4 В болса, өткізгіштің ұзындығы (sin45° = 0,7)
-
Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы
-
Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль энергия есебінен 250 Дж жұмыс атқарылады. Машинаның ПӘК-і
-
Аспан денелерін бақылауға арналған аспап
-
Суретте дене координатасының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Дененің қозғалыс жылдамдығы және қозғалыс теңдеуі
-
80 км жолды 160 км/сағ жылдамдықпен жүріп өткен дененің қозғалыс уақыты