
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
11-нұсқа
-
Массасы 27 кг, көлемі \(10^4\) \(см^3\) металдың тығыздығы
-
Қатаңдығы 40 \(\frac{Н}{м}\) динамометр серіппесінің салмағы 2,4 Н жүктің әсерінен созылуы
-
Тұрақты 80 кПа қысымда идеал газ 640 Дж жұмыс атқарса, газ көлемінің өзгерісі
-
Егер жапқыш кернеу 1,5 В болса, онда катодтан жұлынып шығарылған фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясы ( \(e = 1,6 \cdot 10^{-19} Кл; 1 эВ = 1,6 \cdot 10^{-19} Дж\) )
-
10 моль бір атомды идеал газдың \(27^\circ C\) температурадағы ішкі энергиясы ( \(R = 8,31\frac{Дж}{моль \cdot К}\) )
-
Ыдыстағы газ қысымы 250 кПа. Газға 550 кДж жылу берілгенде, оның көлемі изобаралық жолмен 2 \(м^3\) -ге ұлғайды. Газдың ішкі энергиясы
-
Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі
-
\(15^\circ C\) температурада идеал газ молекуласының ілгерлемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы (k = \(1,38 \cdot 10^{-23}\) Дж/К)
-
Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығының формуласы
-
Радиолокациялық станциядан жіберілген импульс ұзақтығы 1 мкс. Локатордың нысананы барлау қашықтығы \((c = 3 \cdot 10^8 м/с)\)
-
Стакандағы 150 г су 15 тәулік ішінде толығымен буланып кетті. Судың бетінен 4 с ұшып шыққан молекулалар саны
\((N_A = 6 \cdot 10^{23} \ моль^{-1}, M(H_2O) = 18 \ г/моль)\)
-
Күміс \(^{108}_{47}Ag\) атомының құрамы
-
Біртекті магнит өрісінде айналатын рамада пайда болатын электр қозғаушы күші \(e= 12sin100 \pi t \) \((B)\) заңы бойынша өзгеретін болса, 0, 01 c ішінде электр қозғаушы күшінің лездік мәні
-
Меншікті кедергінің температураға тәуелділігінің өрнегі
-
Менделев-Клапейрон теңдеуі
-
Суретте көрсетілген магниттер төмендегідей әрекеттеседі
-
Жер төңірегінде Жер серігі болу үшін денеге берілетін ең аз жылдамдық
-
Газ молекулалары қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы 2 есе кемуі үшін газдың температурасы
-
Әрқайсысының кедергісі 10 Ом бес өткізгіш тізбектей жалғанғанда тізбектің жалпы кедергісі
-
120 орамы бар катушкадан 7,5 А ток өткенде, ондағы магнит ағыны 2,3 мВб болса, катушкадағы магнит өрісінің энергиясы
-
Массасы 100 г тік жоғары 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған тастың потенциалдық энергиясы кинетикалық энергиясынан 2 есе артық болатын биіктік
-
Шағылған сәуле түскен сәулемен 90° бұрыш жасайды. Сыну бұрышы 35°. Сынған сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш
-
Екі бірдей нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күші 81 есе кемуі үшін олардың
-
Радиоактивті элементтің 12 тәулікте 0,125 бөлігі ыдырамай қалса, жартылай ыдырау периоды мен ыдырап кеткен пайызы
-
Газға 800 Дж жылу мөлшерін бергенде, оның ішкі энергиясы 200 Дж-ға кеміген. Газдың атқарған жұмысы
-
Екі дененің ара қашықтығы 60 м-ге кемігенде тартылыс күші 69%-ға артады. Денелер арасындағы бастапқы ара қашықтықтың мәні
-
Фокус аралығы 12 см-ге тең жинағыш линза шамның үш есе үлкейтілген кескінін береді. Шамнан кескінге дейінгі қашықтық
-
Лупа түрінде қолданылатын линза түр(-лер)і
-
Нүктенің тербеліс теңдеуі берілген: x = 0,6cos157t (м). Тербелістің периоды
-
Массасы 0,2 кг, температурасы 365°C мыстың температурасы 15°C-қа дейін төмендесе, қоршаған ортаға берілетін жылу мөлшері
\((c_{мыс}=380\: Дж/кг\cdot^ºC)\)