
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
17-нұсқа
-
Автомобиль және мотоциклші бір-біріне 72 км/сағ және 18 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бастапқыда олардың арақашықтығы 250 м. Санақ жүйесі жермен байланысқан, санақ басы автомобильдің бастапқы орнымен сәйкес келеді және Х осі автомобиль қозғалысының бағытымен бағытталған деп есептеп алғанда, олардың қозғалыс теңдеулері
-
Жер бетінен \(0,25R_ж\) қашықтықтағы денеге әсер ететін тартылыс күші Жер бетіндегі тартылыс күшін құрайтын пайызы
-
Психрометрдің ылғалды термометрі 5°C-ді, ал құрғағы 14°C-ді көрсетіп тұр. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
Құрғақ термометрлердің
көрсетулері, °С
Құрғақ және ылғал термометрлердің
көрсетулерінің айырмасы, °С
0 4 5 6 7 8 9 10 Салыстырмалы ылғалдылық, % 14 100 60 51 42 34 25 17 9 -
Жарық толықынының вакуумдегі ұзындығы \(\lambda_1\), ал қандай да бір ортадағы ұзындығы \(\lambda_2\). Жарықтың вакуумдегі таралу жылдамдығы c. Жарық толқынының осы ортадағы таралу жылдамдығы
-
Егер денеге басқа денелер әсер етпесе, инерция заңына сәйкес ол дененің
-
Параллель токтардың өзара әрекетін ашқан ғалым
-
Кристалл денелердің аморфты денелерден айырмашылығы
-
Бөлшектердің толқын ұзындығының тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама
-
Айнымалы токтың жиілігі 50 Гц-ке тең. Айнымалы ток жүйесінің тербеліс преиоды
-
Массасы 20 кг газ көлемі \(10\: м^3\) болса, газдың тығыздығы
-
Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидасы
1) барлық денелер бөлшектерден құралады
2) бөлшектер үздіксіз және ретсіз қозғалыста болады
3) бөлшектер өзара әрекеттеспейді
4) бөлшектер өзара әрекеттеседі
-
Заттың қатты күйінен газ күйіне өтуі –
-
5 c ішінде өткізгіш қимасы арқылы өтетін заряд 500 Кл болса, онда ток күші
-
Электрсыйымдылығы 2 есе артқанда, ток көзіне қосылған жазық конденсатор пластиналарындағы заряд
-
Ток күші 20 А болған жағдайда көлденең қимасы \(5\: мм^2\)-ге тең өткізгіштегі электрондардың концентрациясы \(10^{28}\: м^{-3}\). Электрондардың реттелген қозғалысының жылдамдығы \((e=1,6\cdot10^{-19}\: Кл)\)
-
Әрқайсысының массасы 1 кг екі ағаш білеушелер тақтай үстінде жатыр. Астыңғы білеушенің екі жағындағы үйкеліс коэффициенті 0,3 болса, оны бірқалыпты суырып алу үшін жұмсалатын күш \((g=10\: м/с^2)\)
-
Бетінің ауданы \(20\: см^2\) затқа қалыңдығы 1 мм күміс жалатылды. Күміс қабатындағы атом саны
\((\rho_{күміс}=10500\: кг/м^3;\: M(Ag)=108\cdot10^{-3}\: кг/моль;\:N_A=6\cdot10^{23}\: моль^{-1})\)
-
Қабырғаларының ұзындығы a шаршы төбелерінде төрт бірдей нүктелік оң зарядтар орналасқан болса, шаршының центріндегі электр өрісінің потенциалы
\((k=\frac1{4\pi \varepsilon\varepsilon_0})\)
-
Үйге келетін электр желісі сақтандырғыш арқылы 10 A-ге есептелнген кернеуі 250 В тізбекке қосылған. Үйде бір мезетте жағуға болатын әрқайсысының қуаты 100 Вт электр шамының саны
-
\(\Delta T =1\: K\)-ге тең изобаралық қыздырған кезде 2 моль идеал газдың атқаратын жұмысы \((R=8,31\: Дж/моль\cdot К)\)
-
Резистордың ұштарындағы кернеу 10 В, ток күші 2 А. Резистор арқылы 5 мин ішінде өтетін токтың жұмысы
-
Көзінің ақауы бар оқушы кітапты d = 20 см қашықтықтан ұстап оқитын болса оқушыға қажетті көзілдіріктің оптикалық күші (d = 25 см)
-
Массасы 40 кг жүк тыныштық күйінен 8 с бойы еркін құлайды. Бұл кезде ауырлық күшінің жұмысы \((g=10\: м/с^2)\)
-
Қатаңдығы k серіппе F күш әсерінен \(\Delta l\) шамаға деформациаланған кездегі потенциалдық энергиясы
-
Индукция векторы 0,05 Тл біртекті магнит өрісі күш сызықтарына перпендикуляр \(4\:\frac мс\) жылдамдықпен қозғалған ұзындығы 0,5 м өткізгіш ұштарындағы индукция ЭҚК-і
-
Гармоникалық тербелістердің амплитудасы 50 мм, периоды 4 c. Тербелетін нүктенің максимал жылдамдығы мен максимал үдеуі
-
Суреттегі материялық нүктенің А-дан Д-ға дейінгі қозғалысының траекториясы көрсетілген. Қозғалыстың бастапқы координаттарын және жүрілген жолын тап
-
Ыдыс жабық тұрған кезде оның ішіндегі газ температурасы 127°C. Ыдыстың бетін ашқан кезде газ массасы 20%-ға, температурасы 100°C-қа кеміген болса, қысымның өзгерісі
-
15 л керосинді 6 м биіктікке көтергенде ауырлық күшінің жұмысы
\((\rho_{кер}=0,8\cdot10^3\: кг/м^3,\: g=10\: м/с^2)\)
-
Берілген элементтің \((^{14}_7N)\) ядросының заряды