iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия мен Африка елдері (1945-2008 жж.)
ХХ ғасырдың басында экономикалық, ғылыми-техникалық даму деңгейі жағынан Батыс Еуропа елдері анағұрлым алда болса, қазіргі кезде көптеген азиялық мемлекеттер (Жапония, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия) олармен бәсекелес елдерге айналуда. Осы сияқты үрдістер басқа аймақтарда да байқалды.
1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы Актіге қол қойды. Потсдам келісіміне сай елді Америка әскерлері басып алды.
АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез дами бастады. Бұған қосымша 1950-1953 жылдары Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау арқылы тез қарқын алды.
1950-1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революция нәтижелерін жапондықтар өте ұқыпты пайдаланды. Басқа елде ашылған не жасалған жаңалықтарды шұғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу және ұтымды пайдалану, кешегіні бүгін, бүгінгіні ертең жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын сенімділікке негіздеу, т.б. әдістер кеңінен қолданылды.
1956 жылы 19 қазанда Жапония Москвада КСРО мен екі ел арасындағы араздықты тоқтатату және дпломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойды. Алайда бітім туралы мәселе шешілмей қалды. Оған жер дауы кедергі жасап келеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Қытай аумағы екі ірі саяси топтың бақылауында болды. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бөлігінде гоминьдан партиясынң үстемдігі тұрақтанды.
1949 жылы Қытай ұлт-азаттық армиясы шабуылға шығып, Пекинді азат етті. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (КХР) жарияланды. КСРО оны бірінші болып мойындады.
1960 жылдардың ортасында Қытайда «мәдени революция» басталды. Қытай коммунистік партиясының белсенді мүшелерін «буржуазия ықпалына шалдықты» деп кінәлап, оларды жазалауға кірісті.
Партия мен үкімет басында 32 жыл бойы билік құрған Ю.Цеденбал Моңғолияда социализмнің сталиндік моделінің құлаш жаюына үлес қосты.
1992 жылы жаңа Конституция қабылданып, елдің ресми аты өзгертілді. Бұдан былай елдің аты Моңғолия деп аталды. 1990 жылы 4 қыркүйегінде мемлекеттік заң шығарушы орган Ұлы Хурал Моңғолияда президенттік басқаруды енгізіп, Моңғолияны президенттік республика тәртібіне көшірді.
1945 жылы тамызда Жапония жеңіліп, Корея азаттық алды. Соғыс аяқталғаннан кейін Корея 38 паралель бойынша екіге бөлінді.
1960-1980 жылдары Ким Ир Сеннің басшылығымен Солтүстік Корея қоғамы «Чучхе» идеясын жүзеге асыра бастады. «Чучхе» идеясының мазмұны мынадай мәселелерді қамтыды: сыртқы саясаттағы тәуелсіздік, экономика саласында тек өз күшііне сену, елді қорғауға өз әскеріне сену.
1965 жылдан бастап АҚШ басқыншылары Вьетнам демократиялық республикасына соғыс қимылдарын бастады. 1965-1973 жылдар аралығында АҚШ басқыншылары Вьетнам жерінде ойран салды, бірақ көздеген мақсатына жете алмады. 1973 жылы 27 қаңтарда Париж келісіміне сәйкес, АҚШ соғысты тоқтатып, әскерлерін алып кетті.
1950 жылдың басында КСРО үкіметі Вьетнам Демократиялық Республикасын мойындады. Сыртқы саясатында Вьетнам КСРО-ға қарай бағыт ұстады.
1975 жылы Үндіқытай жерін АҚШ әскерлері шығарылғаннан кейін саяси билікті қызыл кхмерлер деп аталатын коммунистер тобы басып алды. Кхмерлердің саяси бастығы Пол Пот жылдам қарқынмен социалистіік ревоюция жассауға кірісті. Наразылық білдіргендерді және еңбекке жарамсыз тұрғындарды жаппай өлтіру саясаты іске асырылды. Екі-үш жылдың ішінде 3 млн-нан астам, жазықсыз Камбоджа азаматтарының өмірі қиылды.
Индонезияда тыныштық орната алмауына байланысты, 2001 жылы А.Уахид президенттік қызметтен тайдырылды. 54 жастағы Мегавати Сукарнопутри халыққа жағымдылығымен, тым асқақтамай, сақтық саясат жолын ұстады.
Жағдайдың ушығып бара жатқанын сезген Англия үкіметі 1947 жылы Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Ағылшындар елден әскерін шығарар алдында елді екі мемлекеттке бөлу ісін қарастырды. Бірі – Үнді Одағы. Бұл елде халықтың көпшілігі үнділер, біраз мұсылмандар да бар. Екіншісі – Пәкістан. Оған мұсылмандары басым бірнеше провинциялар мен князьдіктер кірді, бірақ үнділерде жеткілікті болды.
1950 жылы Үнді одағы Үндістан Республикасы деп аталды. Үкіметті ұлт-азаттық күрес көшбасшыларының бірі Дж. Неру басқарды.
Үндістанда үкімет көмегімен ірі су қоймалары, тоғандар, құдықтар іске қосылды. Түрлі кооперативтер құрылды. Осы шаралар жасыл революция деп аталды.
Пәкстандағы жағдайды түзетуге шамасы жетпеген президент қызметіндегі Айюбхан орнынан түсуге мәжбүр болды. 1969 жылы билік генерал М.Яхьяхан қолына өтті. Ол елде әскери тәртіп орнатып сайлау қорытындысын жоққа шығаруы Шығыс Пәкістанда жаппай халық наразылығын туғызды. Желтоқсан айында ол биліктен кетіп, ел басына З.А.Бхутто келіп, әлем картасында жаңа Бангладеш мемлекеті пайда болды.
Пәкістанда саяси-таптық қатынастардың анықталмағаны, қоғамдағы іріткілік, саяси сананың мешеулігі, т.б. себептер әскери басшылықтың билік етуіне жол ашты. Сондай жағдайда елді біріктіретін күш ислам діні болды. 1947 жылдан кейін саяси тізгінді Мұсылман Лигасы ұстап тұрды.
Пәкістанда өкімет орындары жалпы пәкстандық ұлтшылдық саясатын жүргізгенімен, аймақтық ұлтшылдық та өрістей түсті. Соның арқасында урду тілі мен бенгал тілі ресми мемлекеттік тіл деп жарияланған еді. Бірақ ресми түрде урду тілі басымырақ болды. Шығыс Пәкістанда демократия, автономия, теңдік үшін күрес басында Авами Лига партиясы болды.
Цейлон өмірі тұрақсыз болды. 1964 жылы солтүстік аудандарда тұратын тамилдер бөлек мемлекет құру туралы талаптар көтеріп, кейін орталық үкіметке қарсы қарулы күрес бастауы салдарынан елдегі тыныштық бұзылып, ширек ғасыр бойы азаматтық соғыс жалғасып келеді.
2008 жылдың басында парламенттік сайлау өтіп, онда екі бағыттағы компартия жеңіске жетті. Неапал конгресі де мықты орын иеленді, ал монархияны жақтаушылар соққыға жығылды. Парламент корольдікті жеңіп, Непалды республика етіп жариялады.
1962 жылы Иранда реформа басталды. Шаһтың өзі бұл жаңалықтарды «Ақ революция» деп сипаттады. 1962-1974 жылдар аралығында жүзеге асырылып, ел экономикасын жаңартуды мақсат еткен рефомалар елді индустрияландыру, жер мәселесін реттеу, оқу-ағарту және денсаулық сақтау салаларын жаңартуды көздеді. 1963 жылы иран әйелдеріне сайлау құқы берілді.
80-жылдардың басында Ирак шекара мәселесін қозғап, оны соғыс арқылы шешпек болды. Иран-Ирак соғысы 8 жылға (1980-1988) созылды. Соғыс әрекеті Иран экономикасының даму қарқынын тежеп, көптеген ауылдар мен қалалар қиратылды.
1978 жылы 27 сәуірде армия офицерлері Ауғаныстан Халықтық-Демократиялық Партиясының мүшелері мен жақтастары мемлекеттік төңкеріс жасады. Елдің аты Ауғаныстан Демократиялық Республикасы деп өзгертілід. АХДП орталық комитетінің бас хатшысы Нұр Мохаммед Тараки бастаған революциялық Кеңес ең жоғарғы өкімет органы болды.
1979 жылы қыркүйекте пуштун Хафизулла Амин бастаған экстремистік фракция қастандық ойластырып, Н.Таракиді өлтіріп, билікті өз қолына алды. 1979 жылдың соңына қарай ислам ұрандарымен қимыл жасаған үкіметке қарсы оппозиция елдің көпшілік бөлігін басып алды. Мұндай жағдайда Х.Амин КСРО-дан әскери көмек көрсетуді өтінді. Ол Ауғаныстанға кеңес әскерлерін кіргізуді ұсынды.
Соғыстан кейін Түркия елі жаңаланудың капиталистік түрін таңдап, этатизм саясатының негізін әлсіретіп, жекеменшіктік шаруашылықтың дамуына жол ашты. Едеуір қалыптасқан ұлттық буржуазия талаптарын ескеріп, Түркия үкіметі 1946 жылдан бастап көппартиялық саяси тәртіпті жақтайтыны білдірді. Түркия 1952 жылы НАТО блогына, 1954 жылы Бағдад блогына мүшелікке тіркелді.
Тұрғыт Озал 1983-1989 жылдары премьер-министр, 1989-1993 жылдары президент қызметінде болып, Түркия Республикасының экономикасын жандандыру шараларын жүзеге асырды. Ол «Түркия моделі» деп аталды. Т.Озал өз саясатын «жаса, өндір, өзгеге сат» деген ұрандармен бастады.
ХХI ғасырға Түркия Республикасы әлі күнге дейін түпкілікті негізде шешілмеген мәселелермен кірді. Соның бірі әрі күрделісі – курд халқының мәселесі.
Араб мемлекеттері Батыс Азия мен Солтүстік Африка аймағында орналасқан.
1962 жылы Франция Алжирдегі соғысты тоқтатып, плебесцит өткізді. Оның нәтижесніде Алжир тәуелсіздігі мойындалды. Сөйтіп, күресте 1 млн-ға жуық азамат құрбан болған халық жеңіске жетті.
Артта қалған, көшепелі шаруашылықпен шұғылданған Ливия елінің өмірі 50-жылдардың екінші жартысында күрт өзгеріске түсті. Оған мұнай көздерінің ашылуы себеп болды.
1956 жылы Египеттің жаңа конституциясы қабылданды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылдың күзінде Египеттің Израйльмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалға ұласты.
Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Арабтар бұл шешімді бірден мойындамады. Сол сағатта арабтар оған соғыс бастады.
1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания,Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды.
II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы бүкіл Африканы қамтыды. Африка континенті халқының көпшілігі үшін отаршылдықтан азат болу ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Көптеген африкалықтар демократия мен тәуелсіздікке құқымыз бар деп ойлады.
Африканың қазіргі саяси картасында көптеген шекаралар түзу сызықпен көрсетілген, өйткені оларды өз кезегінде Еуропалық державалар дәстүрлі тайпааралық шекараларды ескерместен белгілеген. Мұның нәтижесінде тегі бір халықтар бірнеше мемлекеттерге бөлініп кеткендей, ал мемлекеттердің өздері әр түрлі тайпалардан немесе тілі әр түрлі топтардан қалыптасқандай. Осының бәрі ұлтаралық, дінаралық, аумақтық жанжалдар туғызып, олар ондаған жылдарға созылады және халыққа орасан зор нұқсан келтіреді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты әр түрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүниежүзіне жеке-дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді.
Екі жақ та әскери-саяси одақтар құруға кірісті. АҚШ бастаған НАТО – 1949 жылы, КСРО бастаған Варшава Шарты Ұйымы 1955 жылы құрылып, «қырғи-қабақ соғыстың» негізігі орталықтарына айналды.
Соғыстан кейін отарлық жүйе біртіндеп ыдырап, бірталай елдер отар бұғауынан құтылып, тәуелсіз өмір сүре бастады. Олардың көбі Батыс пен Шығыс топтарына қатыспай, бейбітшілікті, бостандықты құрметтейтін үшінші дүние атты топ қалыптастырды.
1962 жылы Куба дағдарысы өте қауіпті жағдайға жетті. Кубаны қорғауды сылтау еткен КСРО зымырандарын құпия түрде аралға орналастыра бастады. Ол анықталғанда, АҚШ екі елді қатты қысымға алып, 1962 жылы қазанда соғыс шығып кету қаупі төнді.
1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қабылданды.
Дүниежүзін елдерін үрейлендірген «қырғи-қабақ соғыс» 90-жылдардың басында аяқталды. Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті.
ХХ ғасыр әлем өркениетін білім мен техниканың алуан жетістіктерімен байытты. Атом қуаты игеріліп, ғарыштың ғажайып құпиялары зерттелуде, биотехнология, радиоэлектроника, компьютер өндірісте, ғылымда, өмірде кеңінен қолданылуда.
Соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ғасырдың екінші жартысын қамтыған кезеңге ортақ үрдіс – адамның ақыл-ойы мен техникалық прогреске деген сенім айқын көрінді.
Жаратылыстанудағы революция ғылыми, философиялық және дүниетанымдық маңызға ие болды. Атап айтқанда, ол физикадағы аса ірі жаңалықтар. Оның негізгісі атом және оның құрылысы болды. Қарапайым бөлшектердің атомның бөлінбейтіндігін жоққа шығарды.
Ашылған жаңалықтарының ішінде – қуаттың баламалы көздерін (күн, жел, теңіз толқындары), жасанды материалдарды пайдалану, өндіріс пен тұрмысты компьютерлендіру бар.
Бұл кезеңнің ғылымы мен техникасы бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді: зымырандық қозғалтқыштар жасалып, ғарыш кеңістігін игеру басталды. ДНК молекуласы ашылып, дәрі-дәрмектердің жаңа түрлері жасалды. Гендік инженерия мен генетикалық құрылымы өзгертілген өсімдіктер азық-түлік өнімдерін шығару көлемін күрт арттыруға мүмкіндік берді.
Кері байланыс пен ақпараттар беру туралы ғылым – кибернетика пайда болды, ал 1976 жылы мини-процессор жасалды. Бүкіләлемдік тор – Интернеттің жаһандық ақпараттық торабын жасау алыс қашықтықтарға ақпараттар берудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Алғашқы роботтар мен «адамсыз өндіріс» жасалды.
90-жылдар социализмнің дүниежүзілік жүйесінің дағдарысымен ғана емес, сондай-ақ жылдам қарқындап келе жатқан жаһандану процестерімен де атап өтілді. Жаһандану үрдісі де түйінді мәселелерді алға тартуда.
Жаңа басталған ХХI ғасырда әлем халықтары демократиялық жолмен бейбіт қатар өмір сүруге қай кездегіден де артық мүдделі болып отыр. Осы жолда кездесетін кедергілер де аз емес. Қазіргі кезде жұқпалы аурулар, қоршаған ортаның, ауа мен судың ластануы, экология мен азық-түлік проблемасы, ланкестік пен жаппай қырып-жою қарулардың көбеюі сияқты келеңсіз мәселелер көпшілікті мазалауда.
XX ғасырда жаһандану үдерісінің күшеюі ғасыр феномені – бұқаралық мәдениеттің пайда болуына әкелді.
ХХ ғасыр өнеріндегі жаңа бағыттар өз заманының құбылыстары мен көркемдік шығармашылықтың шындыққа деген түрлі көзқарасын өзінше білдірді. Әдебиет пен өнер бірнеше қатарлас бағыттарда, бірқатар ағымдарға бөліне отырып дамыды, бірақ олардың бәрі бір анықтамаға – модернизмге келіп сыяды.
Модернизм дәстүрлі реалистік ағымдардан қол үзумен сипатталады. Модерн (жаңа, заманауи) – ХХ ғасырдағы мәдениеттің көркем шығармашылықтың классикалық тәсілдерінен қол үзген эстетикалық стильдері мен әдістердің саналуандығы. Модернистік ағымдардың аражігін ажырату оңай емес. Оның неғұрлым жарқын көріністерін: абстракционизм мен авангардизмді атауға болады. Абстракционизм сәулет өнері мен қолданбалы өнерде, мүсін жасауда кең таралды. Авангардизм – бұл өзіне сұлулық түсінігі, үйлесімділік жат болатын өнер суррогаты.
60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) антимәдениетін жасауға әрекеттенген «алпысыншылардың» феномені пайда болды. Олардың соғыссыз және зорлық-зомбылық жоқ дүние құрудың идеалистік пиғылдары «алпысыншылдарды» өздері ғана емес, сондай-ақ саясатшылардың белгілі бір бөлігінің дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертті.
70-80 жылдар – бұл ретро және әкелер мен балалардың қатар өмір сүруі. Жалпыға ортақ компьютерлендіру мен компьютерлік кескіндеудің, виртуалды шындықтың пайда болуы, сондай-ақ басталған урбансыздану процесі постиндустриялық қоғамның көркем мәдениетке өтуін білдірді.
60-70 жылдары АҚШ пен Еуропада интернационалдық стильден аударғанда жоғары технологиялар дегенді білдіретін «хайтек» стилі пайда болды, ол қоғамдық ғимараттар, спорттық және театр орталықтарын, көрме павильондарын салу үшін пайдаланылады.
Киноматография, телевидение, бейнелік өнер – ХХ ғасыр мәдениеті бейнесін барынша жоғары дәрежеде айқындады.
- 1945 жылы 2 қыркүйекте тізе бүгу туралы Актіге қол қойған ел:
- Жапонияны қалпына келтіруге көмектескен ел:
-
Ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін игеруде озған ел:
-
1956 жылы 19 қазанда Мәскеуде КСРО-мен дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойған ел:
- Гоминьдан мен Коммунистік партия арасындағы күрес болған ел:
- Қытай Халық Республикасы жарияланған жыл:
- Қытайдағы 60 жылдардағы мәдени революцияның мақсаты:
- Моңғолияда социализмнің сталиндік моделін енгізген коммунист:
- Моңғол еліне Монғолия атауы берілген жыл:
- Моңғолияның жоғарғы заң шығару органы:
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінген ел:
- 60-80 жылдары «Чучхе» идеясын жүзеге асыра бастаған ел:
-
1964-1973 жылдар аралығында АҚШ соғысқан ел:
- Сыртқы саясатында Вьетнам мына елге бағыт ұстады:
-
Камбоджада қызыл кхмерлердің саяси жетекшісі:
- 2001 жылы Мегавати Сукарнопутри президент болған ел:
- Үндістан тәуелсіз ел болып жарияланған жыл:
- Дж.Неру 1950 жылы үкімет басына келген ел:
-
Үндістанда «жасыл революция» шаралары жүзеге асқан сала:
-
Шығыс Пәкстан жерінде құрылған мемлекет:
-
Пәкстанда елді біріктіретін дін:
-
Пәкстанның қай аймағы автономия алуға талпынды?
- Цейлонда бөлек мемлекет құру талабын көтергендер:
-
Королдік жойылып, республика жарияланған Гималайдағы мемлекет:
-
1962–1974 жылдарда «Ақ революция» деп аталған реформаларды жүргізген ел:
-
1978 жылы Сәуір революциясы болған ел:
-
1979 жылы КСРО-дан әскери көмек сұраған ауғандық үкімет басшысы:
- XXI басына дейін Түркияда түпкілікті негізде шешілмеген мәселе:
-
«Түркия моделі» деп аталған іс-шаралардың ұраны:
-
Араб мемлекеттері орналасқан аймақ:
-
Тәуелсіздік алу үшін 1 млн. азаматы құрбан болған Африкадағы араб елі:
- 50-ші жылдары Ливия халқы өмірінің өзгеруіне себеп болған жағдай:
-
1956 жылы Египетке қарсы үш елдің басқыншылық жасау себебі:
-
1947 жылы БҰҰ-ның шешімімен Палестинада құрылған мемлекет:
-
1967 жылы араб елдеріне қарсы 6 күндік соғыс жүргізген ел:
- II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің саяси өмірінің сипатты белгісі:
-
Отаршылдар Африка елдерінің шекараларын жүйесіз белгілегендіктен қандай қайшылықтар туды?
- II дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық шиеленістердің негізгісі:
-
«Қырғиқабақ соғысының» негізгі орталығына айналған 1949 жылы құрылған әскери-саяси ұйымның бірі:
- II дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс пен Шығыс топтарына жатпайтын елдердің атауы:
-
1947 жылы Таяу Шығыс жанжалы туындаған елдер:
- 1962 жылы Куба дағдарысын туғызған оқиға:
- 1975 жылы Еуропаның 33 мемлекеті қол қойған акті:
-
«Қырғиқабақ соғыс» кезеңі аяқталған жыл:
- XX ғасырда жаһандану үдерісінің күшеюінен туғыздаған феномен:
- XX ғасырдың екінші жартысында адамның ойлауындағы өзгеріс:
- XX ғасырдағы физикадағы аса ірі жаңалық:
- Модернизм ұғымының мағынасы:
- Мәдениетте «хайтек» стилі қолданылатын сала:
- 1980-1988 жж. бір-бірімен соғысқан мемлекеттер:
-
Азия мен Африканың және Латын Америкасының жас мемлекеттерінің атауы:
-
ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында дамушы елдердің стратегиялық даму жолдары:
-
Қытай халқы басым тұратын «жолбарыстар» тобын құрайтын «үшінші әлем» елдеріне қай мемлекеттер жатады?
-
Азия мен Африка елдерінің көлемінде ірі капиталистік державалар құрған әскери-соғыс бірлестіктері:
-
Қосылмау саясатының мақсаты не?
-
Жапония императорының қызметіне не жатады?
-
Жапонияның «ғажап дамуының» алғышарттарына қайсысы жатады?
-
Жапонияда «жасыл» экономиканының даму бағыттары:
-
«Абэкономика» бағыты нені қарастырды?
-
Жапония-Қазақстан ынтымақтастығының айғағы:
-
Түркиядағы этатизм саясатынан бас тартуы нені білдіреді?
-
Тұрғыт Озал ұсынған «Түркия моделінің» мәні неде?