Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Еуропа және Америка елдері (1945-2008 жж.)

Конспект

 

Дүниежүзі тарихының екінші кезеңі 1945 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі тарихи оқиғалардан тұрады. Бұл кезеңнің ерекшелігі – индустриялық өркениет барынша дамып, жаңа қоғам құрылысына бетбұрыс жасалды. Бұл кезең – ғылыми-техникалық революция кезеңі деп аталады.

 

Соғыстан кейінгі 1945-1970 жылдар аралығында Батыс Еуропа қоғамы британ ғалымы Джон Кейнстің ой-пікіріне сүйеніп, өзінің әлеуметтік-экономикалық тәжірибесінде шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа үлгісін пайдаланды. Бұл үлгінің ерекшелігі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму барысында «кірісті теңестіру» саясатын іске асыруға күш салды. Мемлекет салық арқылы ауқатты топтардың кірісін кедей топтармен қайта бөлісіп, қоғамды теңестіруге талпынды. Батыстағы көптеген капиталистік мемлекеттер муниципиальдық үй салу, білім беру және денсаулық сақтау жөнінде кедейлерге көмек көрсету бағдарламаларына ерекше көңіл бөлді. Мемлекет органдары жалақының төменгі мөлшеріне кепілдік орнатып, жұмыс аптасы мөлшерін шектеп, еңбеккерлерді жұмыстан жөнсіз шығару әрекеттеріне бақылау орнатты. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап АҚШ және Батыс Еуропа қоғамы шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа үлгісіне көшті. Реформалардың негізгі міндеті – экономикалық қатынастарға мемлекеттің араласуын бәсеңдетіп, барлық дамыту іс-әрекетін жекеменшік кәсіпкерлікке тапсыру болды. Сөйтіп, мемлекеттік кәсіпорындардың акциялары жекеменшік иелеріне сатылды, жекеменшік кәсіпкерлікке арналған салық төмендетілді, баға белгілеу және тауар шығару ісіндегі мемлекеттік бақылау тәртібі өзгерді, сауда-қаржы салаларында фирмалардың еркіндігі жарияланды.

 

1945 жылғы 5 шілдеде өткен сайлау қорытындысы лейбористердің қауымдық палата шеңберінде ірі жеңіске жеткенін көрсетіп берді. К.Эттли бастаған лейбористік өкімет алдында аса ірі саяси, экономикалық және қаржы мәселелері тұрды. 1946 жылы Британияда атом бомбасын жасау туралы шешім қабылданды.

 

1957-1963 жылдарда жаңа үкіметті консерватор Г. Макмиллан басқарды. Г.Макмиллан жетекшілігі кезінде мемлекеттік саясатты жаңарту әрекеті байқалды.

 

1979 жылы сайлаудағы жеңісіе дейін консерваторлар партиясы «Дұрыс көзқарас» деп аталатын дағдарыстан шығу бағдарламасын жасады, билікке партияның жаңа жетекшісі Маргарет Тэтчер (1979-1990 жж.) келді.

 

Ұлыбритания көп жағдайда АҚШ-тың сыртқы саясатын толық қолдаушы ел ретінде танылып отырды. Таяу Шығыс, Иран, Орталық Америка өңірінде Никарагуа қайшылықтары мәселелерінде Англия АҚШ жағында екенін жасырмады.

 

Ұлыбритания Гонконг мәселесі бойынша Қытай Халық Республикасымен 1997 жылы ымыраға келді.

 

1982 жылы Фолкленд аралы үшін болған ағылшын-аргетиналық тартыста екі ел арасындағы қайшылықтарды бейбіт реттеуден Ұлыбритания бас тартты.

 

1946 жылғы жаңа Конституция бойынша Франция Парламенттік рсепублика болып жарияланды.

 

Франция соғыстан кейінгі конституциялық өзгерістерге сай кезеңдерге бөлінген. 1946-1958 жылдар Төртінші Республика кезеңіне жатады.

 

1960 жылы Францияның 14 отарына тәуелсіздік берілді.

 

1968 жылдың мамыр-маусым айларында жоғары білім жүйесін демократияландыру идеясын көтерген студенттер қозғалысы Шарль де Голльдің қызметтен кетуіне себеп болды.

 

1946 жылы Баварияда Ф.И.Штраус бастаған Христиандық әлеуметтік одақ (ХӘО) партиясы құрылып, Аденауэрдің саяси бағдарламасын жақтайтындығын мәлімдеді.

 

1949 жылы 7 қыркүйекте бундестаг және бундесрат конституцияны бекітті және Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды. 20 қыркүйекте ХДО партиясының жетекшісі К.Аденауэр ГФР үкіметін құрды. 1963 жылы қазанында К.Аденауэр қызметтен кетті.

 

1983 жылғы көктемінде өткен сайлауда өкімет билігі ХДО/ХӘО тобына өтіп, оның жетекшісі Гельмут Коль 1998 жылға дейін канцлер орнын ұстап келді.

 

Шығыс Германия саяси партиялары 1949 жылы демократиялық Германияның Ұлттық майданын құрды. 1949 жылы 7 қазанда Герман Демократиялық Республикасы (ГДР) құрылды.

 

Италияда жаңа Конституция 1948 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Конституция бойынша, мемлекет басшысы – президент парламенттің екі палатасының біріккен отырысында сайланса, екі палата – Депутатар Палатасы мен Сенат – барлық азаматтардың қатысуымен сайланды.

 

Солтүстік-Батыс Италияда (Милан, Генуя, Турин қалалары) аса ірі өнеркәсіптік өндіріс алдынғы қатарлы технологиямен жарақтандырылды.

 

ХДП-ның көрнекті өкілі Альдо Моро үшінші фаза идеясын ұсынды, ол компартияны елді басқару ісіне қатысуға шақырды. Бұл кезде компартия тарихи ымыраласу идеясын жақтайтын еді.

 

Италия компаниялары Қазақстан елінің өндірістік салаларында да өзара тиімді жұмыстар жасауда, соның ішінде «Аджип» компаниясы Қазақстандағы мұнай-газ қорларын игерушілердің бірі.

 

Испанияда 1947 жылы Франко мемлекет басшысының мұрагерлігі жөніндегі заңы жарияланды. Оның Испания каудилиосы, әскери күштердің генералиссимусы деген атақтары мәңгілік сақталатын болды.

 

1959 жылдан бастап Испания ашық экономика бағытына көшті. Шетел капиталының қолдауымен Франко жүйесі экономиканы жаңартып, 1970 жылдардың бірінші жартысында Испанияны индустриялы-аграрлық елдердің қатарына көтерді.

 

Баск елі аймағында «Баск елі және бостандық» атты ұйым 1962 жылдан бері ұлтшылдық ұрандар көтеріп, Баск елінің Испаниядан бөлініп шығуын талап етуде.

 

1976-1978 және 1983-1985 жылдары Португалияда үкімет басшылығында социалистер болып, оның жетекшісі – тарихшы, заңгер, философ Мариу Соареш елді басқарды. 1986 жылы ол республика президенті болып сайланды. Бұл жағдай диктатурадан демократиялық жүйеге көшудің соңы болып есептелді.

 

Грекияда ПАСОК партиясы 1993 жылғы және 1996 жылғы сайлауларда зор жеңіске жетіп, осы партия жетекшісі Папандреу 19 жыл бойы бірпартиялық үкіметті басқарды.

 

Финляндия 1953 жылы Солтүстік кеңеске және БҰҰ-ға қабылданды.

 

Финляндия Еуропа қауіпсіздігі жөнінде мәжіліс шақыру ұсынысын қолдады. Оны дайындаудың ұйымдастырушылық ісін мойнына алды. 1975 жылы Хельсинкиде үшінші – қорытынды кезеңі жемісті аяқталды.

 

ХХ ғасырдың екінші жартысы – бұл Еуропа мен Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде постиндустриялық қоғамның дүниеге келуі. Оның материалдық мәдениетін сипаттайтын ерекшеліктерінің қатарында кез келген жерде ақпараттық технологияны пайдалануға мүмкіндік берген – ғылыми жетістіктері бар.

 

Скандинавия елдері Еуропадағы экономикалық ықпалдастық үрдісінен шет қалмады. 1995 жылы Швеция және Финляндия Еуропа Одағына толық құқылы мүше болып қабылданды.

 

Кеңес армиясының неміс фашистерін Еуропа аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінің ішкі даму үрдісіне шешуші әсер етті. Олар Кеңес Одағының бақылауында қалды. 1947-1948 жылдары Шығыс Еуропа елдерінде коммунистер үкімет басына келді.

 

Польшадағы, ГДР-дегі 1953 жылығы көтеріліс және басқа да елдердегі ереуілдер, 1968 жылғы «Прага көктем» атты қозғалыс КСРО және ГДР мен Венгрия әскерлерімен басып жаншылды.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ армиясы Германияда, Жапонияда, Италияда және басқа да мемлекеттерде орналасты. Дүниежүзінің түрлі елдерінде АҚШ-тың 500-ден астам соғыс базалары жайғастырылды.

 

АҚШ-та 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңа қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды.

 

1945 жылы 12 сәірде Ф.Рузвельт қайтыс болуына байланысты АҚШ президенті орнын басқан Гарри Трумэн «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеді. 1930 жылдардағы бейтараптық және оқшауланушылық келмеске кетті.

 

1952 жылы сайлау науқанында Кореядағы соғыс мәселесіне ерекше көңіл аударылды. АҚШ сайлаушылары Кореядағы халықтың мазасын кетірген сұрапыл соғысты тоқтатып, елде бейбіт өмір орнатады деп сенді және сол үшін Д.Эйзенхауэрге дауыс берді.

 

1963 жылы 22 қарашада Техас штатында АҚШ президенті Дж.Кеннедиге қастандық жасалып, оның орнына вице-президент Линдон Джонсон отырды.

 

АҚШ-та 60-шы жылдары нәсілдік қысымшылдыққа қарсы қозғалыстар кең етек жайды. 1968 жылы бұқараның кедей топтары Вашингтонға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастырушылардың алдығы шебінде афроамерикалықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкер – қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. 1968 жылы 4 сәуір күні Мемфис қаласында М.Л.Кинг атып өлтірілді.

 

1974 жылы АҚШ-та үлкен саяси жанжал бұрқ ете түсті. Бұдан екі жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы «Уотергейт» қонақүйінде орналасқан. Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш құралдар қойып, қырсыластарының сырларын біліп отырған. Осы әрекеті ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Никсон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды.

 

1991 жылы Мәскеуде екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл – стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті.

 

ХХ ғасырдың екінші жартысында отаршылдық жүйе күйреді. Отаршылдық тәртіптің ыдырауы Азия мен Солтүстік Африка аймағынан басталды. Өткен ғасырдың 60-жылдарында азаттық қозғалысының орталығы Африка аймағына ауысты 70-жылдардың ортасында Азия, Африка және Латын Америкасы аймақтарында 125-тен асам ел өз егемендігін жариялап, мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды.

 

АҚШ президенті Джон Кеннеди 1961 жылы тамызда 19 латынамерикалық мемлекеттер қабылдаған «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынды. Оның мақсаты – Латын Америкасы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету еді.

 

Аргентинада перонизм қозғалысы болды. Оны, полковник, кейін генерал болған Хуан Доминго Перон басқарды. Ол артта қалушылықты жою негізінде әділетті өркендеген қоғам орнату үшін аргентиналықтарды бірігуге шақырды.

 

Мексикада ұлттық-реформалық саясат 1940 жылдарда бекітілді. Оған Л.Карденас үкіметінің ауыстырылуы жол ашты. Карденастан кейін Мексикада ұлттық өнеркәсіптік буржуазиялық топтардың мүддесі қайта жаңарды.

 

ХХ ғасырдың екінші жартысында Еуропа мен Америкада экономикалық ықпалдастық ұмтылысы айқындалды. 1992 жылы Еуропа Одағы келісімі дүниеге келді. Оған мүше елдер саны ұлғая түсті. Мұндай ықпалдастыққа Африка, Латын Америкасы, Азия елдері де ұмтылуды.

 

1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Бірінші сессиясы 1946-1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық жоспар қабылдады.

 

1985 жылы наурызда К.Черненконың қазасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туды. Кеңес қоғамында көптеген реформалар басталды. Бұл «қайта құру» деп аталды.

 

Қазіргі дүниежүзі тарихының екінші кезеңінде социалистік жүйе өзінің эволюциялық даму жолында терең дағдарысқа ұшырады. Социалистік елдердің тірегі болған еуразиялық алып мемлекет – КСРО ыдырап, одан бөлініп шыққан мемлекеттер дамудың нарықтық жолына түсті, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Еуразиядағы бір топ социалистік елдерде де дамудың осы жолын таңдады.

 

1991 жылы 18 тамыз айында Фороста демалып жатқан М.Горбачевке жоғары лауазымды мемлекеттік, әскери және партиялық құрылым басшылары келіп, барлық КСРО аумағында төтенше жағдай енгізуді талап етті. 19 тамыз күні Б.Ельцин ТЖМК әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді жаппай ереуілге шақырды.

 

Ықпалдастық ұмтылыстары бұрыңғы Кеңес Одағы аумағында құрылған жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында да жүзеге асты. 2000 жылы 10 қазанда Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан басшылары Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымын құрса, 2003 жылы 23 ақпанда Мәскеуде бас қосқан төрт мемлекет – Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Украина басшылары біртұтас Экономикалық Одақ құру келісіміне қол қойды.

 

1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрыңғы КСРО құрамындағы Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан, Украина басшыларының кеңесінде ТМД құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды.

 

1991 жылы 25 желтоқсанда М.С.Горбачев ыдыраған мемлекеттің президенті ретінде өзінің қызметін тоқтататындығы жөнінде мәлімдеді. КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты.

 

2008 жылы Ресей президенті Д.Медведев Ресей Федерациясының сыртқы саясаты жөніндегі жаңа тұжырымдамасына қол қойды. Бұл құжатта Ресей елінің халықаралық саясаттағы негізгі нысаналы мәселелері айқындалды және Ресей елі НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын ашық түрде қаламайтындығын атап көрсетіп, Украина мен Грузияның НАТО құрамына қабылдануына қарсылығын білдірді.

 

Орталық Азия аумағындағы елдері Біртұтас Орталық Азия кеңістігі Одағын құруға мүдделі болды. 2008 жылы маусым айында Астан-Душанбе-Бишкек, Ташкент пен Ашхабадтың шешімін күтпей Орталық Азиялық кеңістік Одағын құруға бел байлады.



Сұрақтар
  1. 1945-1951 жылдары Ұлыбритания Үкіметін басқарған лейбористік партияның жетекшісі:
  2. Ұлыбританияда атом бомбасын жасау туралы шешім қабылданған жыл:
  3. Маргарет Тэтчердің Ұлыбритания Үкіметін басқарған уақыт аралығын көрсетіңіз.

  4. ХХ ғасырдың екінші жартыcында АҚШ-тың сыртқы саясатына үнемі қолдау көрсетіп келген Еуропа елі:

  5. 1997 жылы Қытайға қайтарылған Ұлыбританияның бұрынғы отары:
  6. 1982 жылы Фолкленд аралдары үшін таласқа түскен мемлекеттер:
  7. 1957-1963 жылдары жаңа үкіметті билеген консерватор:

  8. 1946 жылғы жаңа Конституция бойынша Францияның мемлекеттік басқару формасы:
  9. Франциядағы Төртінші Республика кезеңі:
  10. 1960 жылы Франциядан тәуелсіздік алған отарларының саны:
  11. Шарль де Голльдің қызметтен кетуіне себеп болған Париж студенттерінің жаппай ереуілі болған кезең:
  12. Францияда «қызыл мамыр» оқиғасына алып келген жағдай:
  13. 1946 жылы Баварияда құрылған Ф.Й.Штраус бастаған партия:

  14. Герман Федеративтік Республикасы құрылған мерзім:
  15. Герман Демократиялық Республикасы құрылған мерзім:
  16. Герман Федеративтік Республикасында К.Аденауэрдың үкіметті басқарған уақыты:
  17. 1983-1998 жылдар аралығындағы Германия Федеративтік Республикасының Үкімет басшысын көрсетіңіз.

  18. 1948 жылығы Конституция бойынша Италияда мемлекеттік басқару формасы:
  19. Италияның өнеркәсіп өндірісі жоғары дамыған аймағы:
  20. Христиан демократиялық партиясының жетекшісі Альдо Мороның үшінші фаза идеясының мәні:
  21. Испаниядан бөлініп шығуын талап етушілер:
  22. Португалияда диктатурадан демократиялық жүйеге көшудің соңы болып есептелген оқиға:

  23. Грекияда 19 жыл үкіметті басқарған президент:
  24. Финляндия Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке өткен жыл:
  25. 1975 жылы қауіпсіздік және бірлестік туралы келісімшарт актісіне қол қою өткізілген Еуропа қаласы:

  26. 1995 жылы Еуропа Одағына толық мүшелікке өткен Скандинавия елдері:

  27. 1968 жылы Чехословакияға әскери күштерін кіргізген елдер:
  28. 1947–1948 жылдары Шығыс Еуропа елдерінде КСРО-ның қолдауымен билікке келген саяси күштер:

  29. 1968 жылғы Чехословакиядағы коммунистік билік жүйесіне қарсы қай қозғалыс шықты?

  30. ХХ ғасырдың 90 жылы Болгарияда билікке келген президент:
  31. АҚШ-та 1947 жылы қабылданған қәсіподақ құқығын шектеу, ереуіл ұйымдастырудағы кәсіподақ қызметі туралы заңның авторлары кімдер?

  32. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемнің түрлі елдерінде жайғасқан АҚШ-тың соғыс базалар саны:

  33. 1945 жылы «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеген АҚШ президенті:

  34. АҚШ сайлаушылары Кореядағы соғысты тоқтады деп дауыс берген президент:

  35. 1963 жылы 22 қарашада қастандықпен өлтірілген АҚШ президенті:
  36. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы күрестің көшбасшысы, қара түсті халықтың өкілі:

  37. 1974 жылы АҚШ президенті Ричард Никсонның өз еркімен қызметінен кетуіне себеп болған саяси оқиға:

  38. 1968 жылы атып өлтірілген АҚШ-та нәсілдік қысымшылыққа қарсы қозғалысты ұйымдастырушысы:

  39. Стратегиялық қаруларды қысқартудағы АҚШ пен КСРО арасындағы бетбұрысты көрсеткен келісімшарттар мәні:
  40. Латын Америкасы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдеткен бағдарлама:
  41. «Перонизм» қозғалысы болған ел:

  42. Латын Америкасы елдеріне «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынған АҚШ президенті:
  43. КСРО-да төртініш бесжылдық жоспары қабылданған мерзім:
  44. КОКП-ның бас хатышылығына келген М.Горбачевтің алғашқы ұсынған жаңа бағыты:
  45. Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің құрылу мақсаты:
  46. «Қайта құру саясаты » реформасын бастаған:
  47. КСРО-ның Президентінің қызметінен кеткен күні:
  48. 1991 жылы 21 желтоқсанда болған оқиға:

  49. НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын қолдамайтын ел:
  50. 2008 жылы маусымда Біртұтас Орталық Азия кеңістігі Одағын құруға қатыспаған елдер:

  51. Қазақстанда мұнай-газ қорларын игеруші Итальян компаниясын көрсетіңіз.

  52. Латын Америкасы елдерінде «зая кеткен онжылдық» деген атпен белгілі кезең:
  53. 1963 жылы Мәскеуде ядролық қаруларды ауада, жерде және суда сынауды тоқтату туралы шартқа қол қойған мемлекет(тер):

  54. 1997 жылдың шілдесінде НАТО-ға (Солтүстік Атлантика шарты ұйымы) кіруге бұрынғы Варшава Достастығының үш мемлекеті шақырылды

  55. 2010 жылы Кеден Одағын құру туралы шарт жасасқан ел (-дер)

  56. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-мен тартысқа түскен АҚШ-тың ұстанған саясаты

  57. Батыс елдері экономикасының ықпалдасуы барысында құрылған ұйымдар

  58. Қоғамдық прогресс туғызған ғылыми-техникалық революцияның басты жетістіктері:

  59. Батыс елдеріндегі «Жақсы тұрмыс мемлекеті» ұғымы нені білдіреді?

  60. 1945 жылы сайланған Лейбористік үкіметтің әлеуметтік реформалары?

  61. 1945-1951 жылдары Англиядағы лейбористік партияның әлеуметтік бағдарламалары:

  62. М. Тэтчер үкіметінің сыртқы саясатындағы милитаризмнің көрінісі неден байқалады?

  63. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франциядағы конституциялық өзгерістердің кезеңдерін көрсет.

  64. Соғыстан кейінгі Францияның сыртқы саясатындағы «атлантизм» саясатына не жатады?

  65. 1958 жылғы Конституцияға сәйкес Франция Президенті:

  66. Де  Голльдің сыртқы саясатындағы маңызды шаралары:

  67. Францияда Жорж Помпиду ұстанған «Сабақтастық және сұхбат» бағытына не жатады?

Қате туралы хабарландыру