Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Америка Құрама Штаттары

Конспект

 

1945 жылы 12 сәірде Ф.Рузвельт қайтыс болуына байланысты, АҚШ президенті орнын басқан Гарри Трумэн АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады деп мәлімдеді. 1930 жылы бейтараптық және оқшауланушылық келмеске кетті.

 

АҚШ-та 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңы қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды.

 

1952 жылы Президент сайлауында республикалық партияның өкілі генерал Д.Эйзенхауэр жеңіп шықты. Ол маңызды үш мәселеге – Кореядағы соғыс, нәсілдік қайшылықтар және америкалық фермерлердің жағдайы мәселелеріне тап болды. Ол өз сөзінде тұрып, 1953 жылы 23 шілдеде Кореядағы соғысты тоқтатты. Фермерлік және нәсілдік мәселелердегі істің жайы күрделірек болып шықты. Д.Эйзенхауэр нәсілдік мәселені де соңына дейін шеше алмады.

 

1960 жылы 8 қарашада өткен сайлауда АШ-тың президенті болып демократиялық партияның 43 жастағы өкілі Джон Кеннеди сайланды.

 

1960 жылы АҚШ-тағы президент сайлауында демократтар Джон Кеннеди ұсынған «жаңа дәуір» бағытымен жеңіске жетті. Кеннеди өкіметінің «жаңа дәуір» бағдарламасы «тиімді сұраныс» деген кейнстік теория негізінде жасалды және жаппай өндіріс пен жаппай тұтыну үйлесімін қамтамасыз етуді қарастырды.

 

АҚШ президенті Джон Кеннеди 1961 жылы тамызда 19 латынамерикалық мемлекеттер қабылдаған «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынды. Оның мақсаты – Латын Америкасы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету еді.

 

1963 жылы 22 қарашада Техас штатында АҚШ президенті Дж.Кеннедиге қастандық жасалып, оның орнына вице-президент Линдон Джонсон отырды.

 

АҚШ пен Ұлыбритания, Кеңес Одағы 1963 жылы 5 тамызда атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астындағы ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Шартына қол қойды.

 

1965 жылдан бастап АҚШ басқыншылары Вьетнам Демократиялық Республикасында соғыс қимылдарын бастады. 1965-1973 жылдар аралығында АҚШ басқыншылары Вьетнам жерінде ойран салды, бірақ көздеген мақсатына жете алмады. 1973 жылы 27 қаңтарда Париж келісіміне сәйкес, АҚШ соғысты тоқтатып, әскерлерін алып кетті.

 

60-жылдары нәсілдік қысымшылдыққа қарсы қозғалыстар кең етек жайды.

 

1968 жылы бұқараның кедей топтары Вашингтонға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастырушылардың алдыңғы шебінде афроамерикалықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкер – қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. 1968 жылы 4 сәуір күні Мемфис қаласында М.Л.Кинг атып өлтірілді.

 

1968 жылы 5 қарашадағы президент сайлауында республикалық партияның өкілі Ричард Никсон жеңіске жетті. Р.Никсон үкіметі зейнетақының, еңбек қабілетінен, асыраушысынан айрылуына байланысты адамдарға төленетін жәрдемақының мөлшерін әлденеше рет арттырды. Никсон әкімшілігі сыртқы саясатта «қарсы тұру заманы» орнына «келіссөздер заманы» келуін жақтады. Ол 1972 жылы мамырда Мәскеуге сапармен келді. Оның барысында екі ел арасындағы қатынастардың сипатын айқындайтын құжаттарға, зымырандардан қорғану жүйесін шектеу туралы шартқа қол қойылды.

 

1973 жылы Вьетнамдағы соғыстың аяқталғандығы Никсонның сыртқы саяси қызметіндегі үлкен табыс болды.

 

1974 жылы АҚШ-та үлкен саяси жанжал бұрқ етті. Бұдан екі жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы «Уотергейт» қонақүйінде орналасқан. Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш құралдар қойып, қарсыластарының сырларын біліп отырған. Осы әрекеті ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Никсон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды.

 

1976 жылғы сайлауда демократиялық партияның өкілі Джеймс Картер жеңіске жетті. Ақ Үйге келген Картер жұмыссыздық - үкімет жұмысының басты мәселесі болады деп мәлімдеді. 1978 жылы ол әлеуметтік мұқтаждарға 100 млрд. долларға жуық қаржы бөлді. Дж.Картердің сыртқы саясаты құбылмалы сипатта болды. Дегенмен Картер әкімшілігі қабылдаған бірқатар шаралар оңды сиаптта жүргізілді. Бұған ең алдмен, 1979 жылы Венада стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы кеңес - американ шартына қол қойылғанын атауға болады.

 

1980 жылы сәуірде Картер бұйрығымен Иранда кепілдікке алынған америкалықтарды босатпақ болып әуе десанты жөнелтілді. Бірақ Иранның әуе шабуылынан қорғану күштері ол ұшақты атып түсірді. Осы сәтсіздіктер халық тарапынан күшті сынға түсті.

 

1980 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда республикалық партия өкілі Р.Рейган жеңіске жетті.

 

Рейган келісімен елде жаңа консервативтік бағытқа бет бұрушылық байқалды. Республикашылдардың әлеуметтік-экономикалық саясаты «рейганомика» деп аталды.

 

Рейганның экономкиалық саясатына тән болған жағдайлар – жеке меншік кәсіпкерлікті қолдау, Пентагоннан басқа барлық ведомстволардың бюджетін қысқарту, федералдық шығындарды азайту және орташа тапқа бағдарланған әлеуметтік саясат жүргізу болды. 3 млн. мектеп оқушылары тегін ертеңгі тамақтан қағылды. Рейган елдің ішінде қатал бағыт жүргізе отырып, құнсыздануды ауыздықтай алды, экономикалық құлдыраушылықты тоқтатып, жұмысшы қозғалысын тежеді. Сөйтіп ол 1984 жылы екінші мерзімге қайта сайланды. 1984 жылы сайлаудағы жеңістен кейін іле-шала Рейган сыртқы саясатта Бұрынғы бағытын жүргізе беруге тырысты. Солай бола тұрса да, КСРО-дағы өзгерістер АҚШ-тың өзінің стратегиясын қайта қарауға әкеліп соқты. Екі ел арасындағы жақындасушылық басталды. Ядролық қарусызданудың бастамасы жасалды.

 

1991 жылы Мәскеуде екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл – стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті.

 

1992 жылы кезекті президент сайлауында демократиялық партияның өкілі Б.Клинтон жеңіске жетті. Клинтонның әкімшілігі әлеуметтік бағдарламаларға қаржы салымын құйып, жұмыссыздықты едәуір дәрежеде қысқартты. 20 млн. жұмыс орны ашылды. Клинтон сыртқы саясатта АҚШ-тың дүниежүзілік жетекші ел беделін сақтап, «Рах Americana» - америкалық дүниені орнатуға тырысты.

 

2000 жылы кезекті президент сайлауында республикашылдар өкілі Дж.Буш (кіші) жеңіске жетті. Ол басты назарды салық реформасына аударды. Бұл реформа дәулетті адамдардың табыстарын бұрынғыдан да көбейтуге тиісті еді. Алайда 2001 жылы 11 қыркүйектегі террористік әрекет халықаралық терроризмге қарсы күресті Буштың ең басты проблемасы деп жариялауына себеп болды.

 

Қазіргі уақытта терроризм үрейлендіретін сипат алды. Ол тіпті жекелеген мемлекеттердің проблемасы емес. БҰҰ Бас Ассамблеясының 2005 жылы 60-сессиясы осының дәлелі. Онда талқыланған негізгі мәселелердің бірі – халықаралық терроризмге қарсы күрес проблемасы болды.

 

1994 жылы ақпанда «демократиялық әріптестік туралы Хартияға» қол қойылуының АҚШ-Қазақстан қарым-қатынастары тарихындағы рөлі маңызды болды. Ол Қазақстан мен АҚШ арасында тең құқықты достық қатынастар орнатылғанын дерек ретінде айқындап берді. Қазақстан Республикасының Президенті АҚШ-тың саяси және іскер жоғары дәрежелі қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді. 2006 жылы мамырда АҚШ-тың вице-президенті Дж.Чейнидің Қазақстанға келген сапары және оның Н.Назарбаевпен кездесуі осының дәлелі болды.



Сұрақтар
  1. 1994 жылы ақпанда қабылдаған АҚШ пен Қазақстан арасында тең құқықты достық қатынастарын орнатқан құжат:
  2. Латын Америкасы елдеріне «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынған президент:
  3. АҚШ-тың Солтүстік Вьетнамға қарсы агрессиясы басталған жыл:

  4. Стратегиялық қаруларды қысқартудағы АҚШ пен КСРО арасындағы бетбұрысты көрсеткен келісімшарт:
  5. 1968 жылы атып өлтірілген АҚШ-та нәсілдік қысымшылыққа қарсы қозғалысты ұйымдастырушы:
  6. 1974 жылы АҚШ президенті Ричард Никсонның өз еркімен қызметінен кетуіне себеп болған саяси жағдай:
  7. ХХ ғ. 60-70 жж. АҚШ-ғы нәсілшілдікке қарсы күрестің көшбасшысы, қара түсті халықтың өкілі:
  8. 1963 жылы 22 қарашада қастандықпен өлтірілген АҚШ президенті:
  9. 1964 жылдан 1973 жылға дейін АҚШ соғыс жүргізген ел:

  10. 1960 жылы президенттік сайлауда «жаңа дәуір» бағытымен жеңіске жеткен президент:
  11. АҚШ-та 1947 жылы қабылданған қәсіподақ құқығын шектеу, ереуіл ұйымдастырудағы кәсіподақ қызметі туралы заң:
  12. 1945 жылы «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеген АҚШ президенті: 
  13. Мәскеуде 1963 жылы 5 тамызда қол қойылған келісімшарт:

  14. АҚШ-та «Уотергейт жанжалы» болған жыл:

  15. АҚШ-тағы 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан соң туындаған әлемдік проблема:
  16. АҚШ-та президент Г. Трумэн кезіндегі демократиялық қоғамға жасалған шабуылдың көрінісі

  17. Президент Г. Трумэн кезінде қандай маңызды құжаттар қабылданды?

  18. Эйзенхауэр президенттігі кезінде қабылданған шешімдер:

  19. Дж. Кеннедидің сыртқы саясатқа қандай өзгерістер енгізді?

  20. АҚШ президенті Линдон Джонсонның әлеуметтік реформалары қандай болды?

  21. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы АҚШ-тағы наразылық қозғалыстары:

  22. 1970 жылдары Р. Никсонның жаңа экономикалық саясатындағы әлеуметтік реформаларының ерекшелігі неде?

  23. «Рейганомика» – ішкі саясатта консерватизмге бет бұру көрінісі

Қате туралы хабарландыру