
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа
Мембрана арқылы заттардың активті (белсенді) тасымалдануы
Белсенді тасымал – бұл энергия жұмсаумен бірге жүретін молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы мембрана арқылы тасымалы болып табылады.
Жануар жасушаларының мембраналарында натрий-калий сорғысы нәруыз тасымалдаушы рөлін атқарады. Мембрананың ішкі жағынан оған натрий мен АТФ келеді, ал сыртқы жағынан калий келеді. Натрий мен калийдің мембрана арқылы тасымалдануы осы нәруыздың конформациялық өзгерістері нәтижесінде жүзеге асады.
Жасушаға енген әр 2 калий ионына жасушадан 3 натрий ионы шығарылады. Осының арқасында жасуша іші қоршаған ортаға қарағанда теріс зарядты болады да, мембрананың екі жағы арасында потенциалдар айырмашылығы пайда болады. Бұл жасушаға теріс зарядталған иондардың, мысалы, хлорид иондарының өтуін тежейді. Оң зарядталған иондар керісінше жасушаға тартылады.
Натрий-калий сорғысы жануар жасушаларына осмос балансын сақтау үшін қажет. Егер ол жұмыс істемесе, жасуша бөртіп, соңында жарылып кетер еді. Сонымен қатар, жануар жасушаларына бұл сорғы, жүйке және бұлшықет жасушаларының электр белсенділігі үшін, кейбір заттар, мысалы, аминқышқылдары мен қаңттар белсенді тасымалы үшін қажет.
-
Суреттегі белсенді тасымалданып жатқан зат
-
Жасуша мембранасы арқылы заттардың тасымалдануына ең қажетті зат
-
Натрий-калий сорғысы \(3Na^+\) сыртқа шығарып және \(2K^+\) жасуша ішіне тасымалдау нәтижесінде пайда болады
-
Натрий мен калийдің мембрана арқылы тасымалдануында өзгереді
-
Жасуша мембранасында арнайы нәруыз натрий-калий сорғысының пайда болуы