Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Адамның тірі табиғаттағы орны

Конспект

 

Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ұқсас белгілер бар. Ертедегі ойшылдардың еңбестерінде осы мәселе туралы әр қилы болжамдар мен пікірлер айтылған.

 

Адам сүтқоректілір класына жатады. Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді, балаларын сүтпен асырайды. Сонымен қатар түрліше құрылысты тістері «азу тіс, ит тіс және күрек тістері), дене қуысындағы көк ет, құлақ қалақаны мен ортаңғы құлақтағ үш дыбысты сүйектері (төс, үзеңгі, балға) тек сүтқоректілерге тән белгі екенін көрсетеді.

 

Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерді айтады. Рудименттік белгілерге, мысалы соқырішік, құлақ айналасындағы бұлшықеттер, терідегі түктер, құймышақ т.б. жатады. Бұлардың көбісі қызмет атқармайды.

 

Атавизм деп арғы – тектің белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшекті, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал бола алады.

 

Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтеріліуі биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты деп түсіндіріледі. Адам эволюциясына әсер етекен биологиялық факторлар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу.



Сұрақтар
  1. Адам эволюциясына әсер етекен биологиялық факторлар:  
  2. Ата тегінен қалған қалдық белгілер:
  3. Ата тегінен қалған қалдық белгілер:

  4. Адам жататын класс:
  5. Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы:
  6. Көпшілік пікірі бойынша, адамдар туысының ең алғашқы белгілі болған түрі:

  7. Қай ғалым адам мен маймылды бір туысқа жатқызған?

  8. Отты осыдан 500 мың жыл бұрын алғаш қолданған:

  9. «Адам мен адамтәрізді маймылдардың арғы ататегі бір» деп тұжырымдаған ғалым:

  10. Қазіргі кезде арғы ататектің белгілерінің қайталануы қалай аталады?

Қате туралы хабарландыру