iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
IV тарау. Тірі организмдердің көп түрлілігі
Тіршіліктің клеткалық емес формасы – вирустар және фагтар. Вирустарды 1892 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашқан. Олар- кез келген сүзгіден өтіп кететін майда, мөлшері 12-ден 500 мкм-ге дейінгі организмдер. Вирустар- клеткадан тыс тіршілік ете алмайтын, клеткаішілік паразиттер.
Прокариоттар – құрылысы өте қарапайым, клеткасында ядросы жоқ организмдер. Оларда тұқым қуалау ақпараты жазылған ДНК цитоплазмада сақина тәрізденіп бос күйінде орналасқан. Көк жасыл балдырлар мен бактериялар табиғаттағы зат айналымда үлкен рөл атқарады.
Бактерияның құрылысы
2. 3.
Көк жасыл балдырлар (цианобактерий).
Эукариоттар – сыртынан қабықшамен қапталған клеткасында цитоплазмасы және айқын көрінетін ядросы бар организмдер. Ядрода тұқым қуалау ақпараты орналасқан. Барлық эукариоттар үш дүниеге бөлінеді: өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.
Өсімдіктер дүниесі. Бұған автотрофты қоректенуге қабілетті өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің ерекшелігі клеткаларында тұрақты кездесетін пластидтер және сыртқы қалың целлюлоза қабықшасы болады. Жер бетінде тіршіліктің дамуы, өсіресе бүкіл геологиялық жылсанаулардың жартысынан көбісін түзетін архей және протерозой эраларында өте баяу жүрген.
Саңырауқұлақтар – төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында.
Жануарлар дүниесі. Жануарлар –даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Олар өздерінің қорек заттарын іздеп жүріп тауып жейді. Сондықтан қозғалу мүшелері түрліше бағытта жақсы дамып жетілген.Жануарлардың өсімдіктерден негізгі айырмашылығы – қозғалғыштығында. Қозғалуға байланысты жануарлар клеткасында бірқатар ерекшеліктер қалыптасқан.
-
Тіршіліктің клеткалық емес формасы:
- Құрылысы өте қарапайым, клеткасында ядросы жоқ организмдер:
- Сыртынан қабықшамен қапталған клеткасында цитоплазмасы және айқын көрінетін ядросы бар организмдер:
- Клеткаларында тұрақты кездесетін пластидтер және сыртқы қалың целлюлоза қабықшасы бар дүние:
- Төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi:
- Даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер дүниесi:
-
Жоғары сатыдағы спорамен көбейетін өсімдіктердің шығуына бастама берген:
-
Жоғары сатыдағы сүтқоректілер:
-
Вирустарды қай жылы, қай ғалым ашты?
-
Жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілер қай заманда тіршілік еткен?